Ұзақ мерзімді күтім
Егер сізге ұзақ мерзімді күтім қажет болса, бірақ оны төлеуге қаржы жоспарыңыз болмаса, зейнетте сіздің ақшаңыз тез таусылуы мүмкін. АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 65 жасқа толған адамдардың жартысынан көбі ұзақ күтімге мәжбүр болады, ал 7-ден 1-і бес жылдан астам уақыт күтімді қажет ететін болады. Genworth Cost of Care Survey сауалнамасына сәйкес, қарияларға арналған мекемеде күтімнің орташа жылдық құны 2019 жылы 48 612 долларды құраған. Қариялар үйінде жеке бөлменің жылдық құны 102 мың доллардан асып түседі.
Бұл жағдайда дайындалуға өмірді сақтандырушылар көмектеседі. Оның түрлеріне ұзақ мерзімді күтімді сақтандыру полисін алу немесе егер иеленушісіне ұзақ күтім қажет болса күшіне енетін өмірді сақтандырудың гибридтік полисін алу кіреді. Басқа түрі зейнетақы аннуитеті.
Құнсыздану
Сіз жұмыс істеген кезде бағаның өсіміне назар аудармайсыз, себебі жалақы әдетте құнсыздануға пропорционал өседі. Егер сіз өзіңіздің зейнетақы есептеріңізде құнсыздануды ескермесеңіз, сізге бұрын ойлағаннан көбірек жинауға тура келуі мүмкін. Құнсыздануға дайындалу үшін қосымша жинақтардан басқа әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақы төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырыңыз. Сіз оны 70 жасқа дейін алуды күтіп, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша өз жәрдемақыңызды барынша көбейте аласыз. Сіздің ай сайынғы чегіңіз көбірек болады, оған қоса ең төменгі күнкөріс деңгейіне әлеуметтік қамтамасыз ету Әкімшілігінің түзетуі қолданылатын болады.
Бұрынғы әдеттер
Сіздің зейнетақы бюджетіңіздің болжамдары сондай-ақ егер шығыстарда сіздің әрекеттеріңіз өзгермесе дұрыс емес болуы мүмкін.
Балаларға көмек
Сіз зейнетте ересек балаларыңызға көмектесетін болсаңыз, күтілгеннен әлдеқайда көбірек жұмсауыңыз мүмкін. Сенімді қаржылық жоспардың болуы сізге зейнетақы шоттарының таусылу тәуекелдерін түсінуге көмектеседі.
Ажырасу
Адамдардың көбісі мұндай сценарийге дайын емес. Зейнетте ажырасудың қаржылық салдарынан кұтылу тәсілдерінің бірі – неке шартын жасау.
Нарықтың құбылуы
Қор нарығының құлауы компаниялар, бағалы қағаздар үшін ғана емес, сонымен доллар үшін де қауіпті. Ол елге инвестициялардың көлемін азайтады. Акционер тиімді бағаға қағаздарды сату мүмкіншілігінен айырылады, дивидендтерді ала алмайды және операциялар жасай алмайды. Сондықтан тіпті жақсы зейнетақы стратегиясы қаржылық күйреуге алып келуі мүмкін. Нарықтың шарасыз құбылмалылығынан зейнеткер зейнетақы стратегиясы дұрыс екеніне көз жеткізуге көмектесетін, қаржы кеңесшісімен бірге шоттарды жыл сайын тексеруді жүргізуге міндетті.
Дереккөзі: https://finance.yahoo.com/news/14-key-signs-run-money-140019431.html
Сурет ашық дереккөздерден