bs-preloader__icon
ru kz en

Арман мен ажырасу өмірді сақтандыруға деген көзқарасты қалай өзгертеді

Жаңа жыл қарсаңында Business Insider оқырмандардың хаттары мен блогтарын жариялайды. Осылайша, 49 жасар Эллисон Эндрюс саяхат және ажырасу оның өмірді сақтандыруға деген көзқарасын қалай өзгерткені туралы өз тәжірибесімен бөлісуде:
Арман мен ажырасу өмірді сақтандыруға деген көзқарасты қалай өзгертеді

«Біз өмірімізді болжап болмаймыз, ал саяхаттап жүргенде не боларын да білмейміз, сондықтан өмірді сақтандыру тыныштық пен қауіпсіздіктің кепілі болуы тиіс. Мұндай шешімге мен өзімнің 50-жылдық мерейтойымды елу саяхатпен атап өтуге бел буып, келдім.

Некеде мен үнемі өзіме келгенде, ақшаны үнемдейтінмін, бірақ ажырасқаннан кейін саяхаттар туралы және қаржылық тәуелсіздікті қамтамасыз ету туралы ойлана бастадым.

Алдымен мен келесі жылы баруға тиісті елу орынның жоспарын құрадым. Содан кейін сақтандырушылардың ұсыныстарын зерттеуге кірістім. Қаржы кеңесшісі 49 жасқа дейін менде өмірді сақтандыру полисі болмағанына таң қалды. Кәсіпқой маман өмірде классикалық сақтандыру, зейнетақы аннуитеті және зейнетақы жоспары бар екенін айтты. Өмірді сақтандыру тек белгілі бір уақыт кезеңін қамтиды, ал басқа екі өнім өмір соңына дейін төлеуге кепілдік бере алады.

Мен білуге мәжбүр болған келесі мәселе – бұл менің қажеттіліктерім. Қаржылық кеңесші менің барлық борыштар мен кредиттер бойынша ақпарат сұрады. Сонымен қатар, ол сақтандырушыға ай сайынғы төлемдерге екі фактор әсер ететінін түсіндірді: шарт мерзімінің ұзақтығы және менің денсаулығым. Әрине, бірнеше компания маған есептеуді ұсынар алдында мен ауруханада бірнеше тесттен өтуге мәжбүр болдым.

Нәтижесінде мен 200 мың доллар тұратын 15-жылдық жинақтарға тоқтадым. Жылдық сыйлықақы 565 долларды құрайды.

Сақтандыру полисін сатып алу маған өте қажет болған бақылау сезімін берген. Нәтижесінде мен сенімді және сабырлы болдым».

Фотосуреттің және мәтіннің дереккөзі: https://www.businessinsider.com/im-glad-i-got-life-insurance-before-taking-50-trips-in-2020

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ҚР өмірді сақтандыру нарығы өсуді жалғастырады – S&P
ҚР өмірді сақтандыру нарығы өсуді жалғастырады – S&P

2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда өмірді сақтанд...

Зейнетақы аннуитеттеріне сұраныс 45 өсті%
Зейнетақы аннуитеттеріне сұраныс 45 өсті%

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өмірді сақт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру