bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру полисін сатып алғанда қандай қателіктер жіберілуі мүмкін

Forbes өмірді сақтандыру полисін сатып алған кезде нені ескеру, және қандай қателіктерге жол бермеу қажет екендігін айтты.
Өмірді сақтандыру полисін сатып алғанда қандай қателіктер жіберілуі мүмкін

«Өмірді сақтандыру полисі – сіз ондаған жылдар бойы өмір сүретін қаржылық жоспардың маңызды бөлігі, - деп Dynama Insurance құрылтайшысы және президенті Эрин Ардли айтуда. - Бірнеше өнімді зерттеу, түсіну және салыстыру үшін уақытты бөліңіз. Олай болмаған жағдайда, асығыс сатып алу табыстың жоғалуына әкелуі мүмкін».

Америкалықтардың тағы бір жиі жіберетін қателігі - бұл жұмыс берушінің сақтандыруына сенім арту. Біріншіден, қайтыс болған жағдайда осындай полис бойынша берілетін жәрдемақы өте аз, және бұл әрдайым жерлеу рәсіміне жеткіліксіз болады. Сонымен қатар, адам жұмыс орнын ауыстырған кезде өмірді топтық сақтандыру полисінің күші жойылады.

Жиі кездесетін үшінші қателік – сақтандырушыны адастыру. Өмірді сақтандыру компаниясын алдау арқылы адам өзін болашақ төлемдерден айырады. Жасырын қалған ақпарат әдетте ӨСК қызметкерлеріне белгілі болады, олар сақтандыру жағдайы басталған кезде төлемдерден оңай бас тартатын болады. Барлық сұрақтарға әрдайым шынайы жауап беру маңызды. Сақтандырушылар сізден медициналық тексеруден өтуді талап ете отырып, медициналық құжаттаманы және рецептуралық дәрі-дәрмектің тарихын алуға рұқсатыңызды сұрату арқылы сіз ұсынған ақпаратты тексереді.

Төртінші қателік – бұл тым жабу көрсеткіші өте төмен полисті сатып алу. Болашақ төлемдердің мөлшерін есептеу үшін сақтандыру жағдайы орын алған кезде қандай қаржылық міндеттемелерді жабу қажет екенін ойластырыңыз.

Бірақ, ең үлкен қателік – бұл сақтандыру полисін сатып алуды кейінге қалдыру. «Мен өмірді сақтандыруды жылдар бойы сатып алып келген, бірақ әлі сақтанушы бола алмайтын адамдарды білемін», - деп Dynama Insurance құрылтайшысы және президенті қорытындылады

Ақпарат көзі: https://www.forbes.com/advisor/life-insurance/mistakes-when-buying/

Ашық ақпарат көздерінен алынған фотосуреттер

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«Бәлкімге» үміттенусіз: сақтандырудың пайдасы туралы үш оқиға
«Бәлкімге» үміттенусіз: сақтандырудың пайдасы туралы үш оқиға

«Мен сақтандыру жарналарын төлеп отырып қайыр...

Қазақстанда өзіміздің криптобиржамызды құру жоспарлануда
Қазақстанда өзіміздің криптобиржамызды құру жоспарлануда

АХҚО базасында криптобиржалар пайда болуы мүм...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру