bs-preloader__icon
ru kz

40 жастан кейін қалай арықтаймыз

30 жастан кейін адамдардың көбісінде зат алмасу бәсеңдейді: артық килограммдар байқаусыз пайда болады, ал өте қиын кетеді. Салмақтан тез арылу үшін әйелдер түбегейлі өзгерістерге барады: азып-тозғанша жаттығады және қатаң диеталарға отырады, деп жазады РИА Новости.
40 жастан кейін қалай арықтаймыз

Алайда, диетолог Елена Каленнің пікірінше мұндай тәсіл арықтауға ықпал етпейді және сонымен қатар денсаулыққа зиян келтіреді. Оның сөзінше, арықтайтын адамдарға ең алдымен тамақтану рационын қайта қарау қажет.

«40 жасқа таман гормондық фон өзгереді және ағза бұрынғыдай соншалықты күш-қуат талап етпейді. Сол калориялардың көлемін тұтыну арқылы әйелдер салмақ жинайтын тәуекелге барады. Рационға көбірек көкөніс, жеміс-жидек, жарма және басқа күрделі көмірсуларды қосыңыз», - деп жазды Кален өзінің Instagram парақшасында.

Маман сондай-ақ Омега-3 көп қанықпаған май қышқылдарына бай азық-түліктерді көбірек жеуді ұсынады. Майлы балық, брокколи, гүлді қырыққабат, жаңғақ, авокадо метаболизмді тұрақтандырады, асқазан-ішек жолының жұмысын жақсартады және ағзадан жаман холестериннің шығуына әсер етеді.

Бұдан бөлек, тәулігіне кемінде жеті сағаттан ұйықтау, таза ауада серуендеу және қож бен уытты шығаратын жәй суды жеткілікті ішу маңызды. «Аш жүрмеңіз. Әйел адам саналы түрде тамақтанудан бас тартқан кезде, өзінің ағзасын күйзеліске ұшыратады. Ол калориялардан арылудың орнына, оларды жинайды. Қатаң диеталар мен аштықтар кедергілерге және тамақ тәртібінің бұзылуына әкеледі» - деді диетолог.

Дереккөзі: https://rsport.ria.ru/20210221/dieta-1598485568.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ӨСК-ге БЖЗҚ-дан шамамен 40,8 млрд теңге аударылды
ӨСК-ге БЖЗҚ-дан шамамен 40,8 млрд теңге аударылды

2024 жылғы бірінші сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗ...

Сәуірде Ұлттық қордың активтері $530 млн-ға өсті
Сәуірде Ұлттық қордың активтері $530 млн-ға өсті

Ұлттық қордың активтері 2021 жылғы сәуірдің аяғ...

Nomad Life Қазақстандағы актуарлық кәсіпті дамытуға қатысуды жалғастыруда
Nomad Life Қазақстандағы актуарлық кәсіпті дамытуға қатысуды жалғастыруда

Қазақстанның актуарийлер қоғамы мен Nomad Life өмі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру