bs-preloader__icon
ru kz

Австралияның зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді

Бүкіл әлемде зейнетақы жүйелерінің қазіргі кезде жағдайлары мәз емес, Австралияның ЗЖ зейнеткерлердің қауіпсіздігін көрсетуде, бұл жүйе бүкіл әлем бойынша үшінші орынға шықты (Нидерланды және Дания рейтингте алдыңғы қатарда). Сарапшылар Австралияның ЗЖ 10 жыл ішінде $3 триллионнан бастап $5,4 триллионнан көтеріледі деп болжамдайды.
Австралияның зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді

Австралияда зейнетақы жүйесінің үш құрамдас бөлігі бар. Бірінші, мемлекеттік құрамдауыш жәрдемақы негізін қамтамасыз ететін салықтармен қаржыландырылатын зейнетақыдан тұрады. Екінші компонент-еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалатын жеке жинақтаушы зейнетақыдан тұратын австралиялық зейнетақы жүйесінің негізі болып табылады. Үшінші компонент зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларын қамтиды.

Бірінші деңгей

Жұмыс өтілі мен қызмет орны маңызды емес – мемлекеттік зейнетақы өмірі жұмыс істемеген адамдарға да төленеді. Төлем мөлшері отбасы жағдайына, асырауындағы балалар санына, жылдық табыс шамасына және меншікте мүліктің болуына байланысты.

Екінші деңгей

Қызметкер 18 жастан асқан және аптасына 30 сағаттан астам жұмыс істейтін жағдайда жұмыс берушілер қызметкердің еңбекақысының 9% жеке зейнетақы қорына немесе сақтандыру компаниясына аударуға міндетті. Қазіргі уақытта Австралия үкіметі міндетті жарналарды 2025 жылдан бастап 12%-ға дейін арттыру мүмкіндігін қарастыруда.

Үшінші деңгей

Мемлекет австралиялықтардың ерікті аударымдарын ынталандырады.

Сарапшылар Австралияның ЖЗ-ның екінші деңгейі жүйеленбеген деп санайды. Адамдар жұмысты өзгертіп, көбіне жаңа жұмыс берушінің қорына ақша аударуды ұмытады. Австралияның реттеушісі хабарлағандай, қазіргі уақытта 10 млрд қайталанатын есеп анықталды, онда жыл сайын 2,6 млрд АҚШ доллары жиналады. Жақын арада билік осы шот иелерінің қаражатын шоғырландырады.

Зейнетақы қорларын реттеуде да өзгерістер күтілуде. Сарапшылар шағын тиімсіз қорлар бірігуі тиіс деп санайды.

Дереккөзі: https://www.bloomberg.com/news/articles/2020-03-06/why-australia-s-pension-system-isn-t-super-enough-quicktake

 Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«Казкоммерц-Life» АҚ-ның акционері «Қазақстан Халық банкі» АҚ болды
«Казкоммерц-Life» АҚ-ның акционері «Қазақстан Халық банкі» АҚ болды

Қазіргі таңда «Казкоммерц-Life» АҚ бұрынғы қалп...

Отбасылық өмірді сақтандыру қалай жұмыс істейді
Отбасылық өмірді сақтандыру қалай жұмыс істейді

Техникалық тұрғыдан отбасылық өмірді сақтанд...

Қайтарып алынбайтын депозиттер
Қайтарып алынбайтын депозиттер

Ұлттық Банк, ҚҚҚ және банктік қауымдастығы заң...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру