bs-preloader__icon
ru kz en

Сүт безі обырын дамытудың негізгі факторлары аталды

Ресей маммологтар қауымдастығының президенті Надежда Рожкова «Говорит Москва» радиостанциясы эфирінде сүт безі обырының дамуына әсер етуі мүмкін бірқатар факторларды атады.
Сүт безі обырын дамытудың негізгі факторлары аталды

Тәуекелдің бірінші факторы – артық салмақ. Дәрігер түсіндіргендей, майлы тін эстрогенді сақтайды, ағзадағы бұл гормонның артықшылығы кейбір жағдайда канцерогенге айналуы мүмкін.

«Бірінші фактор өте маңызды – артық салмақ. Майлы тін эстрогенді сақтайды, ал кейбір ғылыми жұмыстарда эстрогенді қоздырады деп жазылған. Бұл ағзада белгілі бір мөлшерде болуы тиіс әйел гормоны және оның артық болуы жағдайлардың қандай да бір пайызында канцероген болады. Сондықтан артық майлы тін ағзаға қажет емес. Қандай да бір ақылсыз диеталарға отырып, өзіне шектеу қоюға кеңес бермеймін. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Өзін бейбақ етіп сезінудің қажеті жоқ. Бұл өмірде өзін әрдайым бақытты сезіну керек, бірақ әрдайым шамаға қарай өзін тамақтан шектеу керек. Өзіңіз жақсы көретін тағамды жеуге, тіпті тәттіні, тіпті нанды, тіпті таңертең кішкентай тәтті тоқашты да жеуге болады.

Тәуекелдің екінші факторы – бұл психоэмоционалдық тұрақсыздық, стресстік жағдайлар немесе шиеленісті жағдайлар. Олар әр түрлі, өте күрделі болуы мүмкін. Олар да өте зиянды, себебі олар гормональды тепе-теңдікті бірден өзгертеді. Стресстік жағдайлар ағзада бәрін өзгертеді және мұнда қателік орын алады. Бұдан шығудың қандай жолы бар? Психоэмоционалдық байсалдылыққа үйрену керек. Сіздің шамаңыз келмейтін қандай да бір жағдайларды шиеленістірмеу керек. Оларды сол қалпында қабылдай білу керек. Қандай да бір жолды табуға тырысу керек.

Тәуекелдің өте маңызды факторы – бұл тұқым қуалаушылық фактор. Ісікке қарсы ақуызға жауап беретін гендердің мутациясына талдау жасау керек. Егер мутация болмаса, бұл ақуыз жеткілікті жасалады және аурып қалу қаупі төмен болады.  Егер мутация бар болса, онда біз геннің екі көшірмесі бар екенін білеміз, демек, бір көшірме жұмыс істемейді және бұл ақуыз екі есе аз болады. Ол 80% тәуекел береді. Бұның бір жолы – сүт бездерін алып тастау. Екінші жолы – емді дәрі-дәрмекпен жүргізу».

Рожкова ықпал етуі мүмкін емес көрсеткіштер де бар екенін айтты.

«Күресуге болмайтын факторлар бар. Мысалы, әйел жынысы. Әйелдер қатерлі ісікпен жиі ауырады, ерлердің сүт безі обырының барлық түрлерінің 1% ғана ауырады. Жасы 40-тан асқан, қатерлі ісік едәуір тез дамиды, және жас ұлғайған біз бұл аурумен күресе алмаймыз. Экология, біз әсер ете алмайтын жалпы орта, бірақ біз күресе алатын факторлар бар».

Дереккөзі: https://www.globenewswire.com/news-release/2020/02/28/1992769/0/en/Verisk-Is-Launching-New-Analytics-Platform-for-Life-Insurance-Underwriting-in-Collaboration-with-SCOR.html

 Фотосурет ашық дереккөздерден алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің кірістілігі құнсыздануды жапты
БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің кірістілігі құнсыздануды жапты

2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-н...

Етті қандай азық-түліктермен алмастыруға болады
Етті қандай азық-түліктермен алмастыруға болады

Еттен бас тартқаннан кейін темір, В9 (фолий қыш...

Жоспар бойынша зейнетақының артықшылықтары
Жоспар бойынша зейнетақының артықшылықтары

Ұлттық Банктің есебіне сәйкес, осы жылдың он а...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру