bs-preloader__icon
ru kz en

Никас Сафронов кесілген саусағы үшін 9 млн. алды

Суретші Никас Сафронов қаңтар айында екі рет жан сақтау бөлімінде болды, ал жаңа жыл түнін мүлде ота жасау үстелінде өткізді. Ол ауруханада жатқанына екі ай болды. Суретшіге ек ота жасалды. Ал барлығы кесілген саусақ үшін.
Никас Сафронов кесілген саусағы үшін 9 млн. алды

Сафроновтың өзінің айтуынша, өткен жылдың мамыр айында ол түнде шеберханада  жұмыс істеген. Таң ата, керек емес нобайларды тастап, оны қоқыс шелегіне нығыздап салғанда, оң қолындағы сұқ саусағын бос консерві қалбырына жарақаттап алды, бірақ бірден жараны йодпен дезинфекциялап, дәкемен таңып, ары қарай жұмысын жалғастырды. Бірақ, бірнеше күннен кейін саусақ қатты асқынып кетті. Суретші емханаға қаралды. Оған асқынуға қарсы жақпа май жазып берді, бірақ бұл да көмектеспеді. Ары қарай шеміршекке зиян келгені анықталды – оны тігіп тастады, бірақ Сафронвқа жазып берген антибиотиктерден қабыну қайтпады. Одан қоса ол буындарға таралып кеткен.

31 желтосанынан 1 қаңтарына қараған түнде суретшінің саусағы қабынғаны соншалық, оны жедел жәрдемен алып етіп, ота жасалды. Екі аптадан кейін тағы да кесуге тура келді – инфекция сүйекке өтіп кеткен.

- Екі жыл бұрын мен неміс сақтандыру компаниясынла өз қолдарым мен көздерімді сақтандырғанмын, себебі ең алдымен осыларға байланысты мен өз туындыларымды орындаймын. Тамыз айында, емделудің төртінші айында, сақтандыру компаниясы менің шотыма тоғыз миллион дерлік рубль  аударды. Бұл жай ғана бір саусақты емдеу үшін қашан да төлеген сомалардың ішінде ең ірі сома. Бұл кейінірек Гиннес рекордттар Кітабына енгізілді, - деп белгіледі суретші.

Ақпарат көзі:

 https://life.ru/t/%D1%88%D0%BE%D1%83/1090232/nikas_safronov_poluchil_9_mln_za_poriezannyi_paliets

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру