bs-preloader__icon
ru kz en

Fitch "Standard Life", Қазақстан компаниясына «В» рейтингін және «Тұрақты» болжамын берді.

Компанияның реттеуші төлем қабілеттілігі тұрғысында күшті ұстанымы атап көрсетілді. Сол мезетте рейтингтер StandardLife әлсіз бизнес-бағытын, сақтандыру портфелдерінің ұзақ мерзімді тәуекелге бүлінуін, жоғары инвестициялық тәуекелді және активтер мен пассивтердің құрылымының әлсіз сәйкес келуін көрсетеді.
Fitch "Standard Life", Қазақстан компаниясына «В» рейтингін және «Тұрақты» болжамын берді.

StandardLife өмірді сақтандыру бойынша орта мөлшердегі, қол қойылған сыйақылардың (өндірістегі жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді сақтандыру бойынша қызметті қосқанда) жалпы көлемінен алынған нарықтық үлесі  6% болатын, 2017 жылғы қазақстандық  компания болып саналады. Халықаралық ауқым бойынша, StandardLife өмірді сақтандыру бойынша, 2017 жылдың аяғында (шамамен, ағымдағы ауырбастау курсынан алғанда, 70 млн.дол.) 22,7 млрд. теңге мөлшерінде жиынтық активі бар шағын компания болып табылады.
2015 жылдан бастап компанияның бизнесі зейнетақалық аннуитеттер жағына қарай жылжыды, сол кезеңде өмірді сақтандыру үлесі қысқартылды. Зейнетақылық аннуитеттерге 2017 жылғы таза қол қойылған сыйақының 73% тиді. Алайда компания аннуитетті бизнес бойынша, оның ішінде қазақстандық капитал нарығындағы шектелген инвестициялық мүмкіндіктер болғандықтан өмірдің шегіне жететін елеулі тәуекел мен пайыздық тәуекелге ұшырады. Fitch шектелген қызмет тарихы  мен басшылық құрамындағы бірнеше мәрте өзгерістерді компанияның операциялық тәуекелін ұлғайтады деп санайды.

Fitch компания рейтингі үшін StandardLife реттеуші капиталдандыруын күшті деп бағалайды. StandardLife төлем қабілеттілігі бойынша талаптарды қолайды түрде сақтайды: төлем қабілеттілігінің маржа көрсеткіші 2017 жылдың аяғында 340% құрады(2016 ж.: 269%). StandardLife бұл көрсеткішті 2018 жыл бойына 260 % жоғары деңгейде ұстап тұруды жоспарлайды.
2016 жылы  StandardLife 2015 жылы төленген (абсолютті мәнде) дивиденттер деңгейіне ұқсас, айтарлықтай дивидендті төледі. 2016 жылы төленген дивидендтер жыл ішіндегі таза пайдадан 330 % құрады, бұл сол жылдағы валюталық қайта бағалаудан түскен бір жолғы табыс есебінен алынған 2015 жылғы бөлінбеген пайданың біршама сомасын көрсетеді.

Fitch-ке қаншалықты  белгілі болғандай, акционер пайданы репатриациялау туралы шешімді қабылдау кезінде маржаның төлем қабілеттілігі көрсеткішін ескереді.

Ең бастысы StandardLife қазақстандық банктердің депозиттерін және кем дегенде тиянақталған табысы бар бағалы қағаздарын инвестициялайды. Банк депозиттері 2017 жылдың аяғында барлық инвестицияның  87% құрайды, бұл 2016 жылғы деңгейге сәйкес келеді. Ең бастысы депозиттер «В» санатындағы рейтингісі бар банктерде орналастырылады.


StandardLife активтер мен пассивтер арасындағы дюрациялау бойынша едәуір сәйкессіздігі бар. Активтер дюрациясы бір жылдан кем уақытты құраған кезде, зейнетақылық аннуитеттер үшін міндеттемелердің орташа дюрациясы 10 жылдан асады. Компанияның осы алшақтықты қысқарту қабілеті біршама ұзақ мерзімді активтердің жетіспеушілігінен немесе қазақстандық капитал нарығындағы хеджирлеу құралымен шектелген.

2017 жылғы ұлттық стандарттар бойынша есептіліке сәйкес, StandardLife 766 млн. теңге деңгейінде таза пайдасы болды, бұл өмірді сақтандыруға қарағанда басқаны сақтандыру сараланымындағы сияқты өмірді сақтандыру сараланымында оң техникалық нәтижелерге негізделді. Өмірді сақтандыру сараланымында StandardLife үшін жағымды сәт зейнетақылық аннуитеттер бойынша күшті инвестициялық табыс болды.


StandardLife  2017 жылғы меншік иелері ауысқаннан кейін өмірді сақтандыру өнімдерін сату жолдарынан айырылды. Өмірді сақтандыру полистері, бұрын бас құрылымдық компания болған банк бөлімшелері арқылы таратылды және оларға компанияның біршама сыйақы көлемі (2016 жылы қол қойылған сыйақының жалпы көлемі 60% ) тиді. Бизнестің бұл бағыты соңғы жылдары андеррайтингтік нәтижеге оң салым салды. Осы бизнестің тоқтатылуынан кейін, 2018 жылы қайталанбайтын,  405 млн. теңге сома мөлшерінде сақтық қор босатылды. Нәтижесінде,  Fitch 2018 жылы андеррайтингтік нәтиженің әлсіз болатынын күтеді.


БОЛАШАҚТА РЕЙТИНГКЕ ӘСЕР ЕТУІ ЫҚТИМАЛ ФАКТОРЛАР


Мысалы,  аннуитетті сақтандыру және өндірістегі жазатайым жағдайлардан қызметкерлерді сақтандыру бойынша  сақтық қорда сақтау нәтижесінде рейтингтер StandardLife-тың  капиталдандыруы немесе  қаржылық көрсеткіштері едәуір әлсіреген жағдайда  кемуі мүмкін. Осы екі сақтандыру түрі де біршама деңгейде реттеуші талаптардың қандай да бір әлеуетті өзгерістерінен, соның ішінде баға белгілеу, тарифтер, сақтық қорда сақтауға қатысты бұзылуы мүмкін.

Егер StandardLife өзінің табысты болуын жалғастыратын болса немесе инвестициялық тәуекелді қысқартса немесе активтер мен пассивтер арасындағы дюрация бойынша сәйкес келмесе не болмаса бизнесті әртараптандыруды жақсартса рейтингтер жоғарылауы мүмкін.

Эмитент шағым берді және Fitch агенттік саясатына сәйкес қосымша ақпарат ұсынды, бұл рейтингтік комитеттің алғашқы шешімінен ерекшеленетін, рейтингтік әрекетке алып келді.

Дереккөз: http://nomad.su/?a=4-201803140021

http://minval.az, bernews.com сайттарынан фотосуреттер.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Шамадан тыс жұмыс кезінде мидың денсаулығын жақсартудың төрт әдісі
Шамадан тыс жұмыс кезінде мидың денсаулығын жақсартудың төрт әдісі

Йель университетінің психология профессоры Л...

Сирек кездесетін мутациялар өмір ұзақтығын қысқартуы мүмкін
Сирек кездесетін мутациялар өмір ұзақтығын қысқартуы мүмкін

Генетиктер сирек туа біткен мутациялар Сізге ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру