bs-preloader__icon
ru kz

Өмір ұзақтығын ұлғайта алатын пайдалы тіскебасар

Дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру өмір ұзақтығын ұлғайтуы мүмкін, деп санайды ғалымдар. Алайда, дәл қандай азық-түліктер пайдалы және ұзағырақ өмір сүруге көмектесетінін білу маңызды. Жаңғақтармен жеңіл тамақтану барлық себептерден қайтыс болу қаупін төмендетуі мүмкін екенін зеттеулер көрсетеді, деп жазады PROFILE.RU. Британдық медицина журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, жаңғақтар қан тамырларының саулығын сақтау, сонымен қатар жүрек ауруларының даму қаупін төмендету туралы әсіресе әңгіме болған кезде, өмір ұзақтығын ұлғайтумен байланысты.
Өмір ұзақтығын ұлғайта алатын пайдалы тіскебасар

Бұл альфа-линолен қышқылы (АЛҚ) аталатын, жаңғақтарда полиқанықпаған майлардың құрамымен түсіндіріледі. Бұл майлар грек жаңғағының, зығыр дәндерінің, сонымен қатар соя бұршақтарының құрамында және өсімдік тамақтарының басқа көздерінде бар.

Зерттеу АЛҚ-ға бай азық-түліктерді тамаққа қосу нәтижесінде қайтыс болу тәуекелін бағалауға арналған, 41 мақаланы жүйелі шолуды білдірді. 18 жастан 98 жасқа дейін, салмақ, шылым шегу, алкоголь тұтыну, физикалық белсенділік және калорияларды тұтыну секілді басқа факторларды ескеріп, 120 мың адам туралы деректер талданды.

«АЛҚ-ны неғұрлым көбірек тұтыну барлық себептерден қайтыс болуы қаупінің азаюымен, жүрек-қан тамырлары ауруларының және жүректің ишемиялық ауруының тиісінше 10, 8 және 11%-ға азаюымен байланысты болды», - деп қорытындылады ғалымдар.

Дереккөзі:  https://profile.ru/news/society/health/sekrety-dolgoletiya-poleznyj-perekus-kotoryj-mozhet-uvelichit-prodolzhitelnost-zhizni-1140131/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгерді
Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай өзгерді

Қазақстанның зейнетақы жүйесі бір орында тұрм...

10 жылдан астам перспективасы бар ULIP-ке инвестиция салыңыз
10 жылдан астам перспективасы бар ULIP-ке инвестиция салыңыз

ULIPS (Unit-Linked Insurance Plans) сақтандыру қорғанысы мен қ...

Жұмысшыны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру жөнінде жаднама
Жұмысшыны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру жөнінде жаднама

Жұмысшыны міндетті сақтандыру келісім шарты...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру