N 1 әдет. «Пілді бөліп жеңіз!». Алдыңызға үлкен мақсаттар қойыңыз, мысалы, белгілі бір мерзімде пәтерге немесе көлікке ақша жинау деген. Бір қарағанда, мұндай мақсаттар өте қиын болып көрінеді, әсіресе табыс деңгейі онша жақсы болмаған жағдайда. Ал оларды кішірек мақсаттарға бөліп, қол жеткізсеңіз, онда алға жылжу уәждемесі де артады.
Мысалы, депозитке бірден таудай ақша салудың қажеті жоқ. Сізге түскен кез келген кірістің шамамен 5-10 пайызын аудара отырып, ең болмағанда аз бөлігінен бастаңыз: жалақыдан, бонустардан, қаламақылардан, ақшалай сыйлықтардан және т.б. Көбірек салу мүмкіндігі бар болса – тіпті жақсы.
N 2 әдет. Қарызға ақша алмаңыз, өзіңіздің несиелік жауапкершілігіңізді арттырмаңыз! Одан да қалай көбірек ақша табуға болады, қосымша табыс алу үшін тағы не істеуге болады, адамдарға қандай қызмет ұсынуға болады деп ойыңызды өзгерткен дұрыс. Сонымен қатар, егер сізге ақша жетпесе, онда не болмаса уақытша үнемдеуді үйреніңіз, жеңілдіктер, сатылымдар іздеңіз және т.б. Әрине, қарызға сатып алу, яғни несие немесе бөліп төлеуді рәсімдеп, ал тауарды немесе қызметті дәл қазір алу әлдеқайда оңай. Бірақ қаржылық жағынан жетілген адамдар әрқашан күте тұруға тырысады: алдымен жинақтайды, содан кейін сол өз жинақтарына қандай да бір нәрсені сатып алады.
N 3 әдет. Нақты мақсаттарға жинаңыз! Қаржылық жоспарлауда өз алдына нақты мақсаттар қойып, нәтижеге жетуге ынталы спортшылардан үлгі алыңыз. Егер сіз жинақ не үшін қажет екенін, не нәрсеге және қандай мерзімде жеткіңіз келетінін білсеңіз, қажет соманы жинақтау мүмкіндігіңіз соғұрлым жоғары болады. Біреулер ақшаны әртүрлі конверттерде сақтайды, мысалы, емделуге, сыйлықтарға, оқуға, саяхатқа және т.б. деген жазулары бар. Ең дұрысы, осы мақсат үшін бірнеше депозит ашқан жөн.
N 4 әдет. Активтеріңізді әртараптандырыңыз! «Жұмыртқаны бір ғана себетке салмаңыз» – қай уақытта болсын өзектілігін жоғалтпайтын ескі ақиқат. Әртараптандыру қаржылық құралдардың белгілі бір теңгерімін жобалайды. Мысалы, егер сіз депозит ашсаңыз, оны бірден бірнеше банкте және мемлекет кепілдік берген сома шегінде істеңіз: жинақтарды қоспағанда, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 млн теңге, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңге, ал жинақ салымдары бойынша – 20 млн теңге. Депозитте ақшаны әртүрлі валютада сақтаған дұрыс.
N 5 әдет. Күнделікті өмірде ақылға қонымды үнемдеу қағидаттарын қолданыңыз! Мысалы, такси шығындарын азайту үшін жаяу жүріңіз, асхана мен кафеге ақша жұмсамау үшін үйден тамақ алыңыз. Бұл арзан ғана емес, сонымен қатар пайдалы. Ақылды тұтынудың мәні дәл осында. Сізді тура осы жерде және дәл қазір бірдеңе сатып алғыңыз келетін эмоциялық қызулықпен жағдайларға тәуелді болмауға үйрететін өте жақсы дағды. Дегенмен, қатаң шектеулер мен ойланбаған шығындар арасында тепе-теңдікті сақтаған дұрыс. Егер барлық ләззаттарға толық тыйым салсаңыз, мысалы, жалпы үнемдеуді ұстансаңыз, онда ішкі тыйымдарды бұзу қаупі еселеп артады.
N 6 әдет. Ойыңызды өзгертіп, пассивті табыс алыңыз! Пассивті табыс – бұл сіздің жұмыс істеу қабілетіңізге және басқа жағдайларға қарамастан сізге тұрақты түрде түсетін ақша. Әртүрлі қаржы құралдарына инвестициялау пассивті кіріс түріне айналуы мүмкін. Егер сізде бос қаражат болса, оларды жұмсау үшін дереу дүкенге жүгірудің қажеті жоқ. Одан да ақша сізге жұмыс істесін деп, оны қайда жіберуге болатынын ойластырған дұрыс.
N 7 әдет. Жүйелі түрде қаржылық тексеру жүргізіңіз! Егер сіз ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын білмесеңіз, жеке қаржылық жоспарды жасай алмайсыз. Сізде шығыстардың қай баптары басым екенін түсіну – қолайлы өзгерістерге алғашқы қадам. Сондықтан, кем дегенде айына бір рет кірістер мен шығындарды қайта есептеңіз, сатып алуларыңызды, сізде қандай активтер мен пассивтер бар, нені оңтайландыруға болады, яғни неден құтылу керек, нені сату керек, қандай шығындар мен сатып алулардан бас тартқан дұрыс екенін талдаңыз.
Дереккөз: https://fingramota.kz/ru/news/post/sem-poleznyh-finansovyh-privychek
Фото ашық дереккөздерден алынған