bs-preloader__icon
ru kz en

Зейнетақының барлығы бірдей емес

Қазақстандықтарда зейнетке ертерек шығу мүмкіндігі бар. Және зейнетақы аударымдарын өмірінің соңына дейін ала алады. Бұндай мүмкіндікті оларға өмірді сақтандыру бойынша компаниялар ұсынады. Бүгінгі күні зейнетақы жинақтары бар қазақстандықтар зейнетақыны 2 әдіспен ала алады:
Зейнетақының барлығы бірдей емес

1.БЖЗҚ-нан ай сайынғы график бойынша. 2018 жылдан бастап БЖЗҚ-нан ақшаны тек айлық транштармен алуға болады.

2. Өмірді сақтандыру  компаниясымен келісім шартқа отырып, зейнетақы аннуитетін сатып алу.

Зейнетақы аннуитеті дегеніміз не?

Сізде БЖЗҚ-да жеткілікті сома болу шартында, зейнетақы жасынан ерте зейнетақыны алу мүмкіндігін беретін қаржылық құрал. Зейнетақы аннуитеті егер зейнетақы шотында келісім шарт жасау үшін қажет сома болған жағдайда ғана рәсімделеді. Ер адамдар зейнетақы жинақтарын сақтандыру жинағына 55 жастан, ал әйел адамдар -50 жастан бастап аудара алады.

Аннуитеттік ай сайынғы төлемдер – бұл «ғұмырлық зейнетақы».

Сақтандыру компанияларында «ғұмырлық зейнетақы» қанша тұрады?

Сақтандыру компаниялары бұрын актуарийлер – болжамдармен және есептеулермен жұмыс істейтін санақшыларға негізделіп, өз есептеулерін жасаған.

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті құны 10 млн. теңгеге келді. Егер сіз зейнетақы жасына келгенге дейін зейнетақы жинақтарын алғыңыз келсе, зейнетақы шотында  осындай сома болу керек. 2016 жылы аннуитет құны 8 млн. теңгеден аздап жоғары болды.

Зейнетақы аннуитетін Ұлттық банктің арнайы лицензиясы негізінде  өмірді сақтандырула маманданатын 7 компанияда сатып алуға болады. Тек осы маманданған сақтандыру ұйымдары БЖЗҚ салымшыларымен жұмыс істеуге және оларға зейнеатақы аннуитетін ұсынуға құқылы.

Қайсысы жақсырақ: БЖЗҚ ма әлде сақтандыру аннуитеті ме?

Алдымен ең маңыздысынан бастайық. Кепілдіктерден. Егер сіз БЖЗҚ-нан ай сайын зейнетақыны алуды  таңдасаңыз, онда сізде мемлекеттік кепілді болады, мемлекет міндеттемелер бойынша жауап беретін болады. Егер сіз сақтандыру компаниясынан зейнетақы аннуитетін таңдасаңыз, онда бұл жерде бір мәселе бар. Сіз компанияға БЖЗҚ-нан  жинақтарыңызды ғұмырлық зейнетақы туралы келісім шарттың орнына бересіз. Ал, бұл жеке меншік сақтандыру компаниясы банкрот жағдайына келсе не болады? Сіз өзіңіздің жинақтарыңызды жоғалтып алмайтыныңызға ешқандай кепілдік жоқ.

 

Бірақ, жақсы жаңалық та бар

Ұлттық банк атынан Реттеуші сақтандыру компаниялары өкілдерімен бірге зейнетақы аннуитеттерінің иелеріне арналған қорғау механизмін әзірледі.

Сақтандыру компаниялары банктердегі депозиттер сияқты ғұмырлық зейнетақыларға да кепілдік берілуін қалайды.

Кепілдік беру механизмі Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры арқылы жүзеге асырылатын болады. Мәні бойынша бұл механизм Банкте депозиттерге кепілдік беру қоры сияқты жұмыс істейді. Егер банк банкротқа ұшыраса, қор салымшыларға  банк депозитіне салған 10 млн теңгеге дейін жинақтарын төлейді.

Яғни, сақтандыру компанияларының клиенттері  егер сақтандыру компаниясы банкротқа ұшыраса да, өздерінің зейнетақысын алу бойынша кепілдіктерін алады.

Бұл кепілдік беру механизмі міндетті сақтандыру түрлері бойынша жұмыс істеп жатыр және  қазіргі күні нарыққа қатысушылар  мемлекеттік кепілдіктерді зейнетақы аннуитеттеріне де мойнына ілгісі  келеді.

Заңға өзгерістер енгізген соң зейнеткерлер  сақтандыру компанияларымен қауіпсіз жұмыс істей алатын болады.

АНЫҚТАМА ҮШІН:

Қазіргі күні зейнетке  шығатын 70% зейнеткерлерле БЖЗҚ жинақ шоттарында  1 млн теңгеге дейін бар. Тек 6% зейнеткерлерле жинақтары 3 млн. теңге және одан жоғары құрайды.

Автор: Ботагоз Жуманова, БЭЗҚ қоғамдық кеңесінің экс-мүшесі, журналист

Ақпарат көзі: http://enpi.kz/kompanii/kak-kupit-pozhiznennyu-pensiu-u-strahovoy-kompanyi-i-ne-ostatsya-s-nosom

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ақшаны қай валютада жинаған пайдалы
Ақшаны қай валютада жинаған пайдалы

Ақша жинақталғанмен, оны тұрақты инфляциядан ...

Ресейде депозиттер бойынша пайыздар тарихи минимумға дейін төмендеді
Ресейде депозиттер бойынша пайыздар тарихи минимумға дейін төмендеді

Жаңа жылдың алғашқы он күнінде ірі банктердің ...

Covid-19 салдары: Үндістанда сақтандыру нарығындағы өзгерісттер
Covid-19 салдары: Үндістанда сақтандыру нарығындағы өзгерісттер

Covid-19 пандемиясы өмірді сақтандырудың құндылы...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру