Қозғалыс – бұл өмір
Қозғалыс көп болған сайын, соғұрлым жасушалар оттегімен қамтамасыз етіледі, демек, зат алмасу тез жүреді. Бұл дегеніміз, ағза қажетсіз уыттарды, еркін радикалдарды тезірек шығарады және шабуыл жасаған жағдайда зиянкестерді сырттан жеңе алады.
Екпелер
Дер кезінде жасалған инъекция адамға ауруды егілмеген адамдарға қарағанда әлдеқайда оңай бастан кешіруге мүмкіндік береді. Немесе ауруды мүлдем сезінбеуі мүмкін.
7-9 сағат бойы ұйқы
Ұйқысы қанған адамдар азырақ ауыратыны дәлелденген. Төсекте ұйқысыздықтан қиналмау үшін, күнде бір уақытта жатқаны абзал. Бұл ретте ұйқыға секундтар ғана кететіні тексерілген.
Дәрумен терапиясы
Дәрумендерді күн сайын суық күндері, ауру асқынған кезде, маусымның ауысуы кезінде қабылдау керек. Бұл кезеңде ағза әлсірейді және оны қолдап, қалпына түсуге көмектесу керек.
Тұрақты тамақтану
Тамақ ішу күніне кемінде 4 рет болуы тиіс. Тұтынылатын өнімдердің калориялығы терморегуляцияны сақтай алады, бұл иммунитетті арттыру үшін өте маңызды.
Шынығу
Иммунитетті көтеру үшін ақылға қонымды шынығу өте пайдалы. Бұл жерде бірден ойыққа сүңгіп, қыста үстіне мұздай суды құю сияқты әдістерді сызып тастау керек. Күнделікті қарама-қарсы душ ағзаны керемет шынықтырады, сондай-ақ күні бойы тонуспен қуаттайды.
Дәрілік шөптер мен жидектерден жасалған тұнбалар мен морстар
Иммунитетті арттыру үшін шырғанақ, қарақат, таңқурай сияқты жидектер пайдалы. Олар көптеген дәрумендерді қамтиды.
Тұнбалардың хош иісі және жағымды иісі бар, оларды жөкеден, жебірден, киікотыдан, құлмақтан жасағаны дұрыс.
Ең танымал дәрілік шөптердің бірі - күңгірт қызылкүрең. Шөп тек иммунокүшейтуші қасиеттерге ғана ие емес, вируспен күресуге де қабілетті. Бірақ егер жидектерден жасалатын морстарды жыл бойы ішуге болатын болса, қызылкүреңді міндетті үзілістермен ғана қабылдауға болады.
Жоғарыда айтылған ұсыныстарды сақтай отырып, иммунитет жоғарылайды және ең суық аязда да, қолайсыз күн райы кезінде де жоғары деңгейде сақталады.
Дереккөзі: https://www.belnovosti.by/krasota-i-zdorove/kak-povysit-immunitet-7-sposobov
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды