Алдымен жалпы кеңес: тамақты жиі және аз-аздап жеген дұрыс. Диетологтар мен голливуд жұлдыздары көп мақтайтын бөліп тамақтанудың шынымен әсері бар. Мәселе мынада, ағза үздіксіз калорияларды кетіріп отырады, тіпті сіз ноутбукты құшақтап диванда жатқан кезде де, себебі ішкі ағзалардың жұмыс істеуі үшін де энергия қажет. Соның ішінде ол ас қорыту үдерісі үшін де қажет. Сол себепті сіз жиі тамақтанған сайын, соғұрлым сіздің зат алмасуыңыз белсендірек.
1. Жаңғақтар
Пайдалы снектердің ең жақсы түрі – жаңғақтар. Оларда «жақсы» майлардың, ақуыздар мен көмірсудың көлемі мінсіз үйлестірілген, және олар минералдарды, Е дәрумені мен өте маңызды және қажет басқа да заттарды құрайды. Сонымен қатар, жаңғақтар жүрек ауруларының, екінші типтегі диабеттің және метаболизмдік синдромның асқыну қаупін төмендетеді және қабынуға қарсы әсері бар.
2. Чили бұрышы
Зерттеулердің бірқатарына сәйкес, күйдіретін қызыл бұрыштың құрамындағы, мысалы, чили бұрышындағы капсаицин заты тәбетті төмендетеді және майлардың неғұрлым белсенді қышқылдануына әсер етеді – бұл үдерістің барысында майлар майлы қышқылдарға жарықшақтанады, одан кейін энергияға айналады.
Өкінішке орай, бұрыш күнделікті рационның бір бөлігі болған кезде, капсаициннің әсері біртіндеп болмайды. Бұдан бөлек, чилиді ұзақ уақыт тұтыну сіздің асқазаныңызға жарамауы мүмкін. Ал егер сіз жақында арықтасаңыз және сонымен бірге ащыны жеу әдетіңіз болмаса, онда күйдіргіш бұрышпен рецептілерді білсеңіз болады: ол жаңа салмақты ұстап тұруға көмектеседі.
3. Зәйтүн майы
Таңқаларлығы, майлардың үлкен құрамына және жоғары калориялығына қарамастан, зәйтүн майы салмақ тастауға көмектеседі. Жан-жағынан алып қарағанда, басты мәселе омега-9 тобына жататын, моноқанықпаған майлы қышқыл – олеин қышқылында. Зәйтүн майы – омега-9-ға ең бай өсімдік көздерінің бірі.
Айтпақшы, сондай-ақ зәйтүн майын құрайтын линол қышқылы да (омега-6) арықтауға көмектеседі – мұндай қорытындыны тиісті зерттеулердің қатарын талдаған Висконсиннен ғалымдар шығарды.
4. Сірке су
Сірке су салаттардың дәмін кіргізіп қана қоймайды, сонымен бірге арықтауға көмектеседі. Мысалы, италиялық және швед ғалымдарының зерттеулерінің нәтижелері сірке қышқылы көмірсудің жоғары құрамымен азық-түліктердің гликемия индексін айтарлықтай төмендететінін көрсетті және тиісінше сол арқылы жәй көмірсулардың зиян әсерін азайта отырып, қандағы қант деңгейін төмендетеді.
5. Көк шәй
Көк шәйдің пайдасы туралы бұрыннан және көп айтады. Басқа ыстық сусындардан гөрі көк шәйді таңдау үшін қосымша себебін айтайық: көк шәй салмақ тастауға көмектеседі. Мұндай қорытындыға бір зерттеудің авторлары келді, олар екі айдың ішінде екінші типтегі диабетпен пациенттерге көк шәйді ішкізген. Нәтиже күніне төрт шыны аяқ дене массасының және бел көлемінің айтарлықтай азаюына, және сонымен бірге систолалық артериялық қысымның төмендеуіне әсер еткенін көрсетті.
6. Тұтас астық тұқымдастар
Тұтас астық тұқымдастар СӨС ұстанушылардың топ-парағында кездейсоқ берік орныққан жоқ: қабығынан және дәнінен айырылған тазартылған астықтан айырмашылығы, тұтас астық тұқымдастар – жасұнықтардың және магний, калий секілді басқа да маңызды қоректік элементтердің бай көзі.
Дереккөзі: https://style.rbc.ru/health/5a314ef89a79472f15c18e6f
Сурет ашық дереккөздерден