bs-preloader__icon
ru kz

Нобель сыйлығының лауреаты зейнетақы табысын есептейтін бағдарлама жасады

Еуропаның кейбір елдерінің сақтандыру секторы Brexit-ке байланысты өсті. Осылайша, Люксембургте үшінші тоқсанда сыйлықақылар былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 22%-ға дейін өсті, деп жазады International Network Investments.
Нобель сыйлығының лауреаты зейнетақы табысын есептейтін бағдарлама жасады

Нобель сыйлығының лауреаты, экономист Уильям Шарп мансабының көп бөлігін қаржы тәуекелдерін зерттей отырып өткізді. Стэнфорд университетінің Жоғары мектебінде ғалым зейнетақы табысының 100 мың сценарийін қамтитын компьютерлік бағдарлама жасады. Ол өмір сүру ұзақтығының, инфляция мен инвестициялық табыстың түрлі комбинацияларына негізделген.

Шарптың сөзінше, қаржы саласындағы ең күрделі мәселе болып клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті кіріс және тәуекел арасындағы теңгерімді сақтау табылады. «Мен орта дәрежедегі адамдарға көмектескім келеді. Егер сіз аннуитеттен басқа кез келген нәрсеге ақша инвестицияласаңыз, Сіз инвестиция белгісіздігі және ұзақ өмір сүру белгісіздігі екі белгісіздік түріне ұшырайтын боласыз», – дейді Уильям Шарп.

Нобель сыйлығының лауреаты қаржылық белгісіздікті инфляция бойынша индексацияланатын зейнетақы аннуитеттері көмегімен азайтуға болатынына сенімді. «Аннуитет – бұл ұзақ өмір сүру тәуекелін өтеудің жолы, себебі олар, әдетте, 100 жылға есептеледі. Ол қанша өмір сүретінін ешкім білмейді. Сақтандыру және инвестициялық салалар біріге бастайды және ұзақ өмір сүру қаупін ескеретін өнімдерді ұсынады, сондықтан оларды пайдалану керек», – деп ғалым атап өтті.

Дереккөзі: https://www.barrons.com/articles/william-sharpe-how-to-secure-lasting-retirement-income-51573837934

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандырушыларға адам геномының деректері не үшін қажет
Сақтандырушыларға адам геномының деректері не үшін қажет

«Росгосстрах Жизнь» стратегиялық талдау жөні...

2023 жылы ҚР-да жұмыста 2670 жазатайым оқиға тіркелді
2023 жылы ҚР-да жұмыста 2670 жазатайым оқиға тіркелді

2023 жылы жұмыста 2670 жазатайым оқиға тіркелді, д...

Қандай азық-түліктерді күніге жеу керек
Қандай азық-түліктерді күніге жеу керек

Денсаулықты сақтау үшін дұрыс және үйлесімді ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру