8 наурыз қарсаңында, сақтандырушылар жасы 25-60 аралығындағы ерлер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді, және, олардың табысына қарай сүйікті аруларына ең қымбат және қандай бюджеттік сыйлықтар сыйлатыны туралы білді. Респонденттердің 46% табысы айына 200 және 500 мың теңгеге дейін құрайды екен, 19% - 600 - 900 мың теңге аралығында, 16% - айына 1 млн - 1,5 млн теңгеге дейін, ал 7% еңбекақысы айына 1,5-3 млн теңгеге дейін құрайды екен, 3% табысы айына – 3 млн және одан артық, 9% еңбекақысын жариялаған жоқ.
Сұрау салынғандардың көбісі, (87%) сүйгеніне гүл, косметика, тәттіліктер немесе аксессуарлар сыйлауға, сонымен қатар, романтикалық кешкі ас, спа-орталығына баруды немесе 100 мың теңгеден аспайтын басқа мерекелік шараларына төлеуге шамалары бар екені туралы айтты. 12% гүл сыйлаудан басқа, гаджеттер (смартфон, ноутбук) және құны 1,5 млн теңге дейін құрайтын тұрмыстық техника сыйлауды жоспарлауда, Ерлердің 7% сүйіктілеріне зергерлік әшекейлер, немесе құны 50 - 500 мың теңгеге дейін құрайтын, танымал брендттер киімін сыйлауды ойластыруда.
Сондай-ақ, сауалнама жүргізу барысында, сыйлық ретінде шетелге саяхаттау сыйлағаны немесе оны биыл жоспарлағаны туралы айтты (респонденттердің жалпы санынан 9%). Олардың сөзіне қарағанда, бұдан екі жыл бұрын екі адамға шетелде бір апта демалу, наурыз айының басында орташа алғанда, 400 – 700 мың теңге құраған, (баратын еліне және отель мәртебесіне сәйкес). 2024 жылы демалу 600 мың теңгеден бастап, 2 миллионға дейін құбылуда. Әдетінде, тур құнына кіретіні: ұшып-қону, орналасу, тамақтану және міндетті сақтандыру.
Егер қазақстандықтар жеке саяхаттайтын болса, туристік компаниясына жүгінбей, онда барлығына бөлек төленеді, соның ішінде, ұшып-қону, трансфер, орналасуды қосқанда. Және де, шетелге шығатын туристерді ерікті сақтандыру онлайн Полисі бөлек ресімделеді. Полис шұғыл медициналық көмек беру, шұғыл стоматологиялық қызмет көрсету, медициналық тасымалдау, үшінші тұлғаларды тасымалдау шығындарын (қажетті жағдайда) қамтиды. Қамту туралы айтатын болсақ, мысалы, Freedom Travel бағдарламасы бойынша сақтандыру жағдайы кезінде төлем сомасы 10 мың евродан 100 мың евроға дейін құрайтын болады, таңдалған ережелерге және мекендеген еліне тәуелді.
Сақтандырушының 2024 жылғы мәліметтер базасына сәйкес, кең тараған бағыттары Тайланд (Freedom Travel бағдарламасы бойынша ресімделген полистердің 9%), Вьетнам (8,7%), Египет (8,4%) және Мальдивы (7,3%) Ең аз жариялы –Еуропа елдері (6%), ОАЭ (5,8%), Шри-Ланка (5,6%) және Үнді (4,9%).
Жалпы алғанда, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтер негізінде, Freedom Life ӨСК мамандары 2024 жылғы 8 наурызға арналған танымал сыйлықтардың құнын анықтады.
2024 жылғы 8 наурыздағы сыйлықтар құны
Сыйлық |
2024 жылғы орташа құны, теңгеде |
Тәттіліктер (торт, пирожное, кәмпит, шоколад) |
5 000 - 15 000 |
Гүлдер |
15 000 - 25 000 |
Парфюмерия/косметика |
10 000 - 30 000 |
Бижютерия |
10 000 - 40 000 |
Спа шаралары |
25 000 - 45 000 |
Романтикалық кешкі ас |
30 000 - 65 000 |
Гаджеттерге арналған аксессуарлар (құлаққалғаны, смарт-сағат және т.б..) |
40 000 - 130 000 |
Киім, аяқкиім және танымал брендтер аксессуарлары (Nike, Calvin Klein, Michael Kors және т.б.) |
80 000 - 150 000 |
Тұрмыстық техника (Dyson, Tefal және т.б.) |
35 000 - 300 000 |
Зергерлік бұйымдар (сырға, сақина, алқалар) |
80 000 - 400 000 |
Гаджеттер (ноутбук, смартфон) |
120 000 - 600 000 |
Екі адамға арналған, шетелде демалу (7 күн ) |
600 000 - 2 000 000 |
Мәліметтер: ашық ақпарат көздері
Орындаған: Freedom Life ӨСК
Ескертеміз, аталған цифрлар жалпы берілген, әрбір ересек адамның, меншік шығыстары және бюджеттік шектеулері болуы мүмкін. Ол келесі факторларға байланысты: жасы, мекендеген жері, отбасы ұстанымдары және әдет-ғұрпы, ауқат деңгейі, табыс мөлшері.