bs-preloader__icon
ru kz

Әлемнің үздік елдері рейтингінде Қазақстан 66-орынды иеленді

Жыл сайын US News & World Report басылымы әлемнің үздік елдерінің рейтингін жариялайды. Олардың мәліметінше, 2020 жылы Швейцария үздік ел атанды. Канада, Жапония, Германия және Австралия үздік елдерінің ТОП-5 қатарын жабады. Оның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Нидерланд және Норвегия да бар, деп жазады Ranking.kz.
Әлемнің үздік елдері рейтингінде Қазақстан 66-орынды иеленді

Рейтинг тоғыз көрсеткіш негізінде жасалды:

1) кәсіпкерлікті дамыту;

2) туристер арасында танымалдылық;

3) өз азаматтарына қатынас (адам құқықтарын, экология мен гендерлік теңдікті қорғау);

4) мәдени ықпал;

5) тарихи мұра;

6) даму әлеуеті;

7) бизнес үшін ашықтық;

8) әскери күш;

9) өмір сапасы.

Қазақстан өз кезегінде 2-орынға көтеріліп, Гватемала (65-орын) мен Гана (67-орын) арасында орналасып, тек 66-шы орынды ғана иеленді. Сонымен қатар, Қазақстан Ресейге (23-орын) және Әзірбайжанға (61-орын) жол берді.

Біздің еліміз өзінің жағдайын 9 көрсеткіштің 7-уі бойынша жақсартты, алайда бұл жақсару айтарлықтай емес. Елдің мынадай көрсеткіштері бойынша үздік позициялары бар: әскери күш (36-орын), даму әлеуеті (42-орын) және бизнес үшін ашықтық (65-орын).

Мәдени ықпал (72-орын), кәсіпкерлікті дамыту (71-орын), туристер арасында танымалдылық (70-орын), өз азаматтарына қатынас (70-орын), тарихи мұра (70-орын) нашар болып қалуда.

Дереккөзі: http://www.ranking.kz/ru/a/infopovody/v-rejtinge-luchshih-stran-mira-kazahstan-zanyal-66-e-mesto-raspolozhivshis-mezhdu-gvatemaloj-i-ganoj

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Коронавирус жылы өмірді сақтандыру саласына сәтті болды
Коронавирус жылы өмірді сақтандыру саласына сәтті болды

Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойын...

Зейнетақы аннуитеттері – Қазақстанда 2025
Зейнетақы аннуитеттері – Қазақстанда 2025

Зейнетақы аннуитеті — бұл сақтандыру компани...

Зейнетақы капиталы: бұл не, оны қалай есептеу және құру керек?
Зейнетақы капиталы: бұл не, оны қалай есептеу және құру керек?

Бұл туралы сақтандыру нарығының тәуелсіз сара...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру