Олар өз функцияларын тиімді орындауы үшін, бас миының жасушаларына белгілі бір қоректік заттар қажет деді дәрігер. Атап айтқанда, оларға омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары қажет, деп нақтылады Ашихмин.
«Рационды әрдайым омега-3 май қышқылдарымен немесе табиғи азық-түлік көздерінен байытып отыру қажет, не ББҚ қолдану керек», - деп кеңес берді дәрігер.
Омега-3 май қышқылдары ең алдымен балықтың құрамында бар дейді Ашихмин. Ми жұмысына пайдалы басқа заттар көкөністер мен жемістердің құрамында бар дейді ол.
Сонымен қатар, ми жұмысын ынталандыруға кофе, шәй және шоколад көмектеседі, деп жалғастырды дәрігер. Бұл өнімдердің көмегімен тез сергіп алуға болады, алайда шәй қауіпсіз болғанымен, кофе мен шоколадты шамадан тыс тұтынбаған жөн, деп ол ескертті.
«Күніне төрт шыны-аяққа дейін кофе қауіпсіз норма болып саналады. Шәйға қатысты мұндай нормалар жоқ, ол қауіпсіз, оны қалағаныңызша ішуге болады. Шоколад – сонымен қатар функционалдық тамақтану түрлерінің бірі, ол ми жұмысына оң әсер етеді, оңтайлы мөлшері аптасына 50 грамм болып есептеледі», - деп түсіндірді Ашихмин.
Бұған қоса, интервалдық ашығу бас миының жағдайына оң әсер етеді, деп қорытындылады дәрігер.
Дереккөзі: https://ria.ru/20220622/mozg-1797182327.html
Сурет ашық дереккөздерден