Экономист
Не істеу керек: Экономисттер шешімдерді қабылдауға және бизнес-жоспарлауды құруға көмектесе отырып, қаржылық деректерді, экономикалық үдерістер мен статистиканы түсіндіреді.
Не қажет: Бакалавр дәрежесін алу және кемінде 4-5 жыл жұмыс тәжірибесі қажет.
Жалақысы: жылына $133 100.
Сақтаушысы
Не істеу керек: егер сіз мұражайларды, жануарлар бақтарын немесе ботаникалық бақшаларды жақсы көрсеңіз, онда бұл жұмыс сізге арналған. Сақтаушысы қызметінде сіз жәдігерлердің сақталуына, дисплейлердің орнатылуына, каталогтардың реттелуіне және барлық бөліктердің дұрыс сақталуын бақылауға жауап бересіз.
Не қажет: бакалаврдың дәрежесі мен 4-жыл жұмыс тәжірибесінен басқа, сізге толық жоғары білім алу қажет.
Жалақысы: жылына $127 600.
Биостатистика жөніндегі маман
Не істеу керек: биологиялық зерттеулермен байланысты мәліметтерді жинау, талдау және түсіндіру.
Не қажет: бакалаврдың дәрежесі, сонымен қатар 5-8 жылдық жұмыс тәжірибесі. Кейбір лауазымдар біліктілікті көтруді талап етуі мүмкін.
Жалақысы: жылына $115 900.
Операциялық аналитик
Не істеу керек: Ұйымдарға қызмет барысында мәселелерді табуға және бизнес-үрдістерді дұрыс жоспарлауға көмектесе отырып, математикалық және аналитикалық әдістерді қолдану.
Не қажет: Бакалаврдың дәрежесі және кемінде 8 жыл жұмыс тәжірибесі.
Жалақысы: $111 200.
Геолог
Не істеу керек: Геологтар Жердің дамуын болжау және минералды және мұнай кен орындары мен су қорларын табуға көмектесу үшін тастарды, минералдарды және тасқа айналғандарды зерттейді.
Не қажет: жоғары қызметке ие болуы үшін, кемінде 8 жыл жұмыс тәжірибесі қажет, сонымен қатар магистрдің дәрежесін көтеру қажет.
Жалақысы: жылына $106 900.
Актуарий
Не істеу керек: Компаниялардың шығындарын азайтуға көмектесу. Актуарийлер тәуекелдерді есептейді, инвестициялық стратегияларды қалыптастырады, қаржылық жоспарларды құрастырады.
Не қажет: бакалаврдың дәрежесі және 6 жылдан жоғары жұмыс тәжірибесі.
Жалақысы: жылына $105 100.
Маркетинг жөніндегі менеджер
Не істеу керек: Компания мен оның өнімдерін жылжытуда көмектесетін көп арналы маркетингтік жоспарларды жасау және енгізу.
Не қажет: бакалаврдың дәрежесі және 6 жылдан жоғары жұмыс тәжірибесі.
Жалақысы: жылына $105 100.
Инженер-дәнекерлеуші
Не істеу керек: Дәнекерлеу жабдықтың әдістерін, үрдістерін және қолданылуын әзірлеу. Дәнекерлеу ақауларының пайда болуын тексеру және себептерін айқындау.
Не қажет: бакалаврдың дәрежесі және кемінде 5-8 жыл жұмыс тәжірибесі.
Жалақысы: жылына $104 200.
Тағам технологы
Не істеу керек: Зерттеу жүргізу, азық-түлікті жақсартып, жаңа тағамдарды жасау, азық-түлік өндірісінің үрдісін бақылау.
Не қажет: бакалаврдың дәрежесі және кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
Жалақысы: жылына $103 600.
Инженер-робототехник
Не істеу керек: жасанды интеллектті жасау, роботтандырылған жүйелерді және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, күйіне келтіру және тестілеу.
Не қажет: бакалаврдың дәрежесі және кемінде 4-6 жыл жұмыс тәжірибесі.
Жалақысы: жылына $100 600.
Анықтама:
Актуарий жеке және корпоративті сақтандыру тәуекелдерінің бағалауымен айналысады, зейнетақы сақтандыру бойынша, сонымен қатар өмірді, денсаулықты немесе мүлікті сақтандыру бойынша сұлбалардың, тарифтерінің, сомалары мен сыйлықақыларының есептерін жасайды. Жалпы, маманның жұмысы сақтандырудың ұзақ мерзімді түрлеріне қатысты болады. Егер актуарий дегеніміз кім деп қысқаша айтатын болсақ, онда ол актуарлық есептерді меңгерген математик-аналитик болып табылады.
Дереккөзі: http://www.forumdaily.com/minimum-stressa-i-100-tysyach-v-god-gde-rabotat-s-takimi-zaprosami/,
http://enjoy-job.ru/professions/actuary/
Фотосурет kudapostupat.by, skolko-poluchaet.ru сайттарынан алынды.