Осы өзгерістерге:
- Пайданы оңтайландыру
- Реттеу
- Ақпараттың қолжетімділігі
- Технологиялық жетілдіру
Пайданы оңтайландыру
Көптеген клиенттерді сақтандыру полисін сатып алу барысында көмектесетін және оны сатып алғаннан кейін кәсіби қызмет көрсететін кәсіпқой маманға қызықтырады. Бірақ клиенттер бұл көмек үшін төлеуге дайын ба, егер де дайын болса, қанша төлей алады? Реттеу тарапынан тұрақты қысым және бәсекелестік сақтандыру полисі бағаларының төмендеуіне және комиссия мөлшерінің азаюына келтіреді, бұл, өз кезегінде, агенттер табыстарының күрт төмендеуін алып келеді. Сондықтан клиенттер тарапынан сақтандыру агенттерімен жұмыс істеу қажеттілігі және ниеті бар болса да, олар және сақтандыру компаниялары бұл қызмет үшін төлегісі келмейді. Ал бұл агенттердің табыстары төмендеп жатқанын және болашақта түсіп кететіндігін білдіреді. Бұл көптеген агенттерді бірігіп кетуге немесе едәуір ірі ойыншылардың бақылауына ауысып кетуге итермелейді.
Реттеу
Бүкіл әлемдегі реттеушілер сақтандыру саласында тұрақтылықты және әділдікті, ал нарықта дені сау бәсекелестікті қамтамасыз еткісі келеді. Бұл ретте директивалар мен талаптардың күшейтілуін байқап жүрміз. Реттеушілік қысым жоғары болып қалуда, деп EY растайды. Әлемде көптеген реттеуші органдар сақтандыру агенттері мен брокерлерін олардың мақсаттарына қызмет ететін факторлар ретінде қабылдамайды. Реттеуші органдар керісінше, сақтандыру агенттері бұрынғыдай жұмыс істеуге үйреніп қалғандай, жұмыс істеуге қиынға соғатын жағдайды тудырады.
Ақпараттың қолжетімділігі
Сақтандыру әлемінде кәсіби білімдер мен үрдістерді түсіну сақтандыру агентінің оның клиенттермен қарым-қатынас орнатуда маңызды құралдары мен активтері болып табылады. Алайда соңғы жылдары сақтандыру туралы ақпараттың қолжетімділігі артты, бұл агенттер өзінің елеулі активтерінің бірінен айырылуы мүмкін екендігін білдіреді. Клиенттердің сақтандыру полисін және тіпті қызметтерді өз бетінше сатып алу қабілеттілігі – бұл жақын арадағы саланың негізгі міндеті. Интернетте ақпарат қолжетімді болғанда, клиенттер бұл саланы жетік меңгерген деп ойлайды. Клиенттердің ұсынылып отырған сақтандыру өнімдері мен бағаларын жеңіл салыстыруға мүмкіндігі бар, және бұл агенттердің қызметіне әсер етеді. EY жүргізген сауалына сәйкес клиенттердің 80% мәмілені жасасудың сандық әдістерін қолдануды артық көреді.
Технологиялық жетілдіру
Иншуртех сақтандыру агенттеріне едәуір әсер етеді, өйткені бұл жүйе бүкіл саланы, оның ішінде агенттер мен брокерлердің қызметін бұзады. Табыстардың төмендеуі, реттеуге әсер ету және ақпараттың қолжетімділігі сияқты мәселелер жаңа технологиялық жетілдірулер арқасында күшейе түседі. жақсартулар тек қана операциялық үрдістерде емес, сонымен қатар бүкіл нарық пен жалпы бизнестің қызмет етуінде де орын алады.
«Сақтандырудың кейбір салаларында агенттер жұмыс жасамайтын болды, олардың орнына Clark секілді қосымшалар келді. Мен Германияда сақтандыру агенттерінің саны күннен күнге азайып келе жатқанын білемін, бұл онлайн-сатып алулардың саны артып келе жатқанның арқасында орын алуда, – дейді Пауль МИЗЕЛЬ, иншуртех-стартаптың негізін қалаушысы. – Дегенмен егжей-тегжей түсіндіруді қажет ететін өнімдер әрдайым болады, Clark өнімімен қатар Insurtech WeFox қосымшасы да қызмет етуде. Бұл сервис белгілі бір тауарды сатып алу бойынша кеңес алу үшін тәуелсіз сақтандыру агенттерін табады, бұл да тұтынушыға жеке тіл табудың бір түрі. Мен мұндай қызмет нарықта табысты түрде дамып келетініне сенімдімін».
Технологиялар клиенттерге сақтандыру әлемінде агенттердің, тіпті сақтандыру компанияларының делдалдығысыз сенімді болып сезінуге мүмкіндік береді. Уақыт өте келе, олар өздеріне андеррайтерлердің рөлін, сонымен қатар наразылықтармен жұмысты да қабылдап алады. Агенттердің рөлі болса төмендей беретін болады.
Сонымен, сақтандыру агенттерінің әрі қарай жағдайы не болмақ?
«Көптеген иншуртех-компаниялары әзірше сақтандырушылар мен түпкі тұтынушылар арасында делдал болып қызмет атқаруда. B2B саласында бірнеше компания бар, басқалар – B2C. Ең ақырында, бизнестің дамуы бұрынғыша делдалдардың қолында қалды», – дейді Үндістан иншуртех-жобасының қосалқы құрылтайшысы және басқарушы серіктесі Апараджит БХАТТАЧАРЬЯ.
Лондонның сақтандыру компаниясының қосалқы құрылтайшысы Аня КУБОВ «иншуртехтің мақсаты – агенттердің шығармашылық ойлауға және мәселені креативті шешуіне мүмкіндік беру үшін белгілі бір міндеттерден босату», деп есептейді.
«Сақтандыру агенттері кеңесші болуға мәжбүр. Сақтандырылған тұлға үшін олардың маңызды рөлін ескере отырып, тиісті және уақтылы кеңес беруді ұсыну үшін агент қажет болатыны мәлім, – дейді Agile Financial Technologies президенті және бас директоры Калпеш ДЕСАИ. – Бизнестің корпоративті сегменті, бұрын аса қозғалмаған болса да, делдалдар мен агенттер арқылы жұмыс істейді. Тәуекелдердің мөлшерін, құнын және операциялардың күрделілігін ескеру қажет, агенттер сол корпорацияларға қызмет етеді. Өйткені жаңа иншуртех-бастамалары осы бизнес-бағыттарға енеді де, брокерлер мен агенттер жуырда кеңесші болып біліктілігін ауыстырады».
Қорытындылай келе, біз сақтандыру саласы үлкен ір мәселелерге және өзгерістерге тап болатындығын, ал бұл өз кезекте, сақтандыру агенттері санының қысқаруына, олардың үлкен топтарға бірігуіне, агенттік кәсіпқойлылық пен тәжірибеге қажеттілік бар күрделі тауашаларға назар аударуға әкеліп соғады.
Дереккөзі: https://bitnewstoday.ru/news/chetyre-prichiny-po-kotorym-strakhovye-agenty-ischeznut-v-divnom-novom-tekh-mire/
Фото: syl.ru