bs-preloader__icon
ru kz

Фрилансерлер өмірді сақтандыру саласын өзгертуі мүмкін

Фрилансер болып жұмыс істеу компанияның штатынан тыс, жекеше тәжірибе тәрізді еңбекті білдіреді. Сіз клиенттерді табасыз, жұмысты орындайсыз және осы үшін ақша аласыз. Фрилансерлердің арасында шығармашылық мамандықтың, ИТ – салалар, жарнама өкілдері көп. Соңғы кезде фрилансерлер болып инженерлер, мұғалімдер, менеджерлер, кеңесшілер болуда.
Фрилансерлер өмірді сақтандыру саласын өзгертуі мүмкін

Фрилансерлердің табысы маман еңбек етіп отырған салаға, біліктілігі мен тәжірибесіне, тапсырыс берушілердің деңгейіне, өз қызметін көрсете білу қабілетіне өте байланысты. Тәжірибелі фрилансерлер дәл сондай лауазымдағы кеңседегі әріптестерінен 1,5 – 2 есеге көбірек табыс табады. Егер фрилансер өңірде тұрып, астаналық немесе халықаралық компанияларға жұмыс істесе, онда табыстағы алшақтық одан да жоғары болуы мүмкін.

Бірақ бұл ретте фрилансерлер өз өмірі үшін жауапкершілікті өзіне ғана алуға міндетті, сол себепті олар өмірді сақтандырудың бірнеше полистерін сатып алады. MIB Group-тің мәліметтері бойынша, сақтандырушылар үшін ақпарат алмасу қызметі өткен жылы 40 жастағы америкалықтардың арасында өмірді сақтандыру полистерін дербес сатып алуды екі есе көп тіркеген.

Кейбір сақтандыру компаниялар жағдайға көңіл бөліп үлгерді және фрилансерлер үшін арнайы өнімдерді әзірледі. Сарапшылардың ойынша, індеттен кейін де бұл нарық өсетін болады.

Дереккөзі: https://www.piquenewsmagazine.com/the-mix/the-freelancing-boom-may-change-how-you-buy-life-insurance-4334321

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жапондықтардың ұзақ өмір сүруінің құпиясы ашылды
Жапондықтардың ұзақ өмір сүруінің құпиясы ашылды

WeСhat қытай порталының қолданушысы Жапон тұрғы...

Қазақстанда өндірістегі жарақат деңгейі өсуде
Қазақстанда өндірістегі жарақат деңгейі өсуде

2022 жылы елімізде еңбек қызметіне байланысты ж...

Күніге қуырылған тамақты жеген кезде, ағзаға ол қалай әсер етеді
Күніге қуырылған тамақты жеген кезде, ағзаға ол қалай әсер етеді

Қазіргі заманда өзіңіздің рационыңызды қуыры...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру