Екінші актуарлық базалық курсқа өтінімдерді қабылдау басталды. Білім беру грантын алуға іріктеуден табысты өткен жағдайда, курстарға тегін қатысуға болады. Мұндай курстарды Қазақстанда алғашқы рет «Қазақстан актуарийлері қоғамы» және «НОМАД LIFE» өмірді сақтандыру компаниясы ұйымдастырды. Конкурсты ҚР Ұлттық банкі қолдады.
Грантты алу үшін іріктеу турына соңғы курстардың білім алушылары және оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіштерімен отандық физика-математикалық, техникалық факультеттерінің түлектері қатыса алады. Қазіргі таңда базалық курстан өтуге жалпы 16 өтінім берілді. Топ 40 адамнан аспайды деп жоспарланып отыр. Курстар үш аптаға созылады, төртінші аптаның соңында тыңдаушылар біліктілік емтиханын тапсыруы тиіс.
Екінші базалық курс 16 шілде күні басталады деп жоспарлануда. Айтпақшы, бірінші базалық курс жақында 11 маусым күні басталды. Актуарлық қызмет бойынша сапалы білімді алуға шамамен 40 тыңдаушы ниет білдірген.
«Білім беру курстары арқылы біз дарынды қазақстандық жастарды қолдап, еліміздің қаржы нарығы үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға үлесімізді қосқымыз келеді. Бағалау бойынша қазіргі таңда нарықта актуарийлердің тапшылығы сезілуде. Осыған байланысты гранттар арқылы жастарға актуарлық қызмет бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды. Осы бастама сақтандыру нарығының дамуын ынталандырып, Қазақстанның қаржы секторына түрткі беретініне сенеміз», – деп «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы, «Қазақстан актуарийлері қоғамының» толық мүшесі Қайрат Чегебаев атап көрсетті.
Актуарийлер – бұл көпқырлы мамандар – математика, статистика, экономика, демография, ықтималдылық теориясы және қаржы сияқты ғылым салаларында жақсы теориялық дайындығы және қолданбалы біліктілігі бар аналитиктер. Актуарийлерді оқыту бағдарламасы әлемнің жетекші актуарийлерімен: Майкл Зимен (FSA, FCIA), Чарльз Маклаудпен (FSA, FCIA, MAAA), Джон Шепердпен (Австралия Актуарийлері Институтының мүшесі) әзірленген. «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» актуарлық курстарды 2001 жылдан бері өткізіп келеді. Олардың түлектері бүгінгі таңда сақтандыру компанияларында, банктерде және зейнетақы қорларында талап етілген. Курстар аяқталған бойда Қоғаммен берілген сертификат бүкіл әлемде қолданылады, өйткені «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» SOA-ның ассоциативтік мүшесі болып табылады.
Актуарлық курстарда тыңдаушыларға дәріс беретін оқытушылардың бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математикалық факультетінің іргелі математика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы Мирбулат Сихов қазіргі кезде актуарийлерге деген сұранысы көп деп атап көрсетеді. «2000-жылдардың басында Ұлттық Банк ЮСАИД қолдауымен актуарлық курстарды ұйымдастырды. Курстардың бағдарламаларын халықаралық санаттағы жетекші актуарийлер дайындаған. 2004 жылдан бастап осындай курстар қазақстандық актуарийлердің қатысуымен өткізіле бастады. Алғашқы кезде бұл сабақтар жартылай ЮСАИД-пен қаржыландырылды, бірақ кейіннен қаржыландыру шектеліп, курстар ақылы бола бастады. Және өте қымбат тұратын болды. Бұл курстарға дарынды жастар қатыса алмай жүр. Өкінішке орай, соңғы 5-6 жылда біздің нарығымызда актуарийлерді даярлауды қойды. Бұл жағдай сақтандыру компаниялары актуарийлерге тапшылығына әкеп соқтырды. Актуарлық курстардан өтуге білім беру гранттарды бөлген «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ компаниясының бастамасы арқасында жағдай өзгеруі мүмкін болатыны қуантады», – деп есептейді ол.
Мирбулат Сихов атап көрсеткендей, актуарийлер макроэкономикалық деңгейде де талап етілген. «Әлемдік экономикада дағдарыстар циклмен жүреді, актуарлық білімі бар маман экономикада ықтималдылықпен қандай да бір жағдайларды болжай алады. Сондықтан актуарийлер қазіргі таңда тек қана сақтандыру ұйымдарында емес, зейнетақы нарығында да, банкте де, инвестициялық салада да талап етілген. Актуарийлер және онымен байланысты мамандар (андеррайтерлер, тәуекел-менеджерлері) дамыған елдерде аса талап етілген және жалақысы жоғары мамандардың қатарына енеді», – деп атап көрсетеді М.Сихов мырза.
Конкурсқа 1994 ж. бұрын емес туылған ҚР азаматтары, жоғары оқу орындарының бакалавриатында соңғы курста оқып жүрген білім алушылар, немесе ЖОО-ны жақын арада бітірген, немесе GPA (орташа балл) жоғары көрсеткіші бар магистратурада, аспирантурада, докторантурада білім алушылар қатыса алады. Басымдық берілетін пәндер математика және физика. Сондай-ақ іріктеу барысында математика, физика пәндері бойынша олимпиадалар мен жобаларда алған жүлделі орындар және курстың толық бағдарламасына қатысу үшін бос уақыттың болуы ескеріледі.
Конкурс туралы толық ақпаратты www.actuary-grant.kz сайтынан біле аласыздар.
Дүйсенбі күні 11 маусымда бірінші базалық курс басталғанын естеріңізге саламыз. Бұл курста тыңдаушылар грант негізінде актуарлық қызмет бойынша білім алып, сонымен қатар біліктілік емтиханын (актуарийдің лицензиясына алғашқы қадам) тапсыра алады. Сапалы білімге ие болу 40 адамға бұйырды.