Global Atlantic Financial Group-тің зерттеуіне сәйкес, америкалықтардың 43%-ында өмірді сақтандыру жоқ. Осы сауалнама сонымен қатар америкалықтардың үштен екісі коронавирус індетінен өз өлімі туралы ойлайтынын және 33% ғана олардың өмірді сақтандыруы және өз отбасын қорғау үшін басқа да активтері жеткілікті деп санайтынын көрсетті.
Төменде әр адамға өзінің өмірді сақтандыру полисінен максималды қайтарымды алатынын түсінуге көмектесетін іс-әрекеттердің тізімі.
1. Полисті тексеріңіз
Қазіргі таңда өмірді сақтандыру полисін сатып алу қиындау. Бұдан басқа, компаниялардың кейбірі індет жағдайында өнімдердің құнын көтерді, сол себепті өзіңіздің өмірді сақтандыру полисіңізді уақытылы төлеген өте маңызды.
2. Көбірек өтем сізге қажет пе, шешіп алыңыз
Insure деректері бойынша өмірді сақтандыруы бар америкалықтардың жартысы жеткіліксіз сақтандырылған. Бұл дегеніміз қайтыс болған жағдайда жәрдемақы ипотека, балалардың колледжде білім алу сияқты шығындарды өтемейді.
Егер қайтыс болған жағдайда жәрдемақыны ұлғайту қажеттілігі болса, онда сізге денсаулық жағдайы туралы сауалнама кіретін андеррайтинг процесін өту қажет болады.
3. Өмірді жедел және тұрақты сақтандыруды үйлестіру
Өмірді жедел сақтандыру шығындар тұрғысынан қарағанда неғұрлым дұрыс болып табылады, бірақ өмірді тұрақты сақтандыру бала туылу немесе некеге тұру сияқты оқиғалармен байланысты өзгерістердің қатысында үлкен икемділікті ұсынады.
Сізге өзіңіздің сақтандыру агентіңізбен немесе қаржыны жоспарлау бойынша маманмен сіздің бюджетіңіз үшін қандай амал қолайлы екені туралы сөйлесу қажет.
4. Уақыт
Өмірді сақтандырудың әрекет ету мерзімі уақыттың белгілі кезеңін құрайды – 5, 10, 20 немесе 30 жыл. Полистің әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін сіз қайта сақтандыруға өтініш беруіңіз қажет. Сіздің денсаулығыңыз жақсы болса да, жасқа байланысты өмірді сақтандыру қымбат бола бастайды.
5. Кеңес алу
Егер 2020 жылы сіздің қаржыңыз күйзеліске ұшыраса, 2021 жылды жинақтардың көлемін қалпына келтіруге нені жасауға болатынын білу үшін, қаржыны жоспарлау бойынша маманмен сөйлесуден бастаңыз.
Қаржылық жоспарлаушы байлар үшін ғана арналмаған. Қаржылық жоспарлаушының жұмысы – бұл ағымдағы жағдайды бағалау және қаржы жоспарын жасау.
Өмірді сақтандыру, әсіресе өмірді тұрақты сақтандыру әл-ауқатты ұлғайту құралы бола алады. Сіздің банкіңізден бастаңыз: ол қаржылық кеңес беруді ұсына ма жоқ па соны біліңіз. Өзіңіздің сақтандыру агентіңізбен өмірді жедел сақтандыру аясынан шығатын қаржылық жоспарлауы бар ма, соны білу үшін байланысыңыз.
Сурет ашық дереккөздерден