bs-preloader__icon
ru kz en

Бір жыл ішінде теңге қандай деңгейге дейін әлсіздейді – PwC

Бір жылдан кейін ұлттық валюта курсының максималды әлсіздеуі $1-ға 440 теңгені құрауы мүмкін. Бұл туралы 2020 жылдың IV тоқсаны үшін PwC Kazakhstan сауалнамасы хабарлайды, дейді LS.
Бір жыл ішінде теңге қандай деңгейге дейін әлсіздейді – PwC

Зерттеуге экономисттер, ғалымдар, даму банкінің, коммерциялық қаржы институттарының және брокерлік компаниялардың өкілдері қатысты.

"Сауалнамаға жауап берушілердің көпшілігі теңгенің долларға шаққандағы әлсіздеу үрдісі болжау кезеңінде жалғасады деген пікірге келіп отыр. Олар орташа бір жыл ішінде доллар бағамы 420-440 теңге ауқымында болатынын күтуде. Бұл ретте, жауап берушілердің 61% америкалық доллар бағамының максималды мағынасы бір жыл ішінде 440-450 теңге деңгейінде болатынын болжауда. Үш және бес жыл шегінде жауап берушілер оптимистік бағалауға сүйенуде, бес жылдан кейін минималдық мағыналардың орта шамасы - 5%-ға, максималды - 9%-ға қысқарды. Есте қаларлығы, үш жыл шегінде жоғары және төменгі шектің арасында мағыналардың шашырауы IV-тоқсанда $1 үшін 404,5 бастап 548 теңгеге дейін ұлғайған», - дейді PwC Kazakhstan.

Рубльді айтатық болсақ, бір жыл шегінде бұл валютаға шаққанда теңгенің максималды бекемденуі рубль үшін 5 теңгені құрайды. Теңгенің максималды күтілетін құнсыздануы рубль үшін 7 теңге деңгейінде күтіледі. Бұл ретте, сарапшылар рубльге шаққанда теңгенің мықты позицияларын болжайды.

«2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Ресейдің үлесіне Қазақстанның бүткіл импортының 34% шыққанын ұмытуға болмайды, ол еліміздің ірі сауда серіктестерінің бірі болып қалады. Осыған байланысты, макроэкономикалық теңгерімсіздікті туындатпайтын RUB/KZT жұбы бойынша орташа мерзімді тепе-тең айырбастау бағамы ағымдағы мағыналарға жуық қалуы мүмкін», - деп санайды Ұлттық банк басшысының кеңесшісі Олжас Тулеуов.

Сонымен қатар, жауап берушілер COVID-19-дан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру сценарийі және құнсыздану деңгейінің болжамы туралы пікірмен бөлісті. Сонымен, жауап берушілердің 72% U-бейнесіндегі, 11% – L, 6% – W, ал 11% – V-бейнесіндегі қалпына келуді күтуде. Сол уақытта, жауап берушілердің 44%-дан астамы бір жылдан кейін құнсыздану деңгейінің максималды мағынасы 7,7%-ға дейін, ал үш жылдан кейін - 6,5%, бес жылдан кейін - 6% күтуде.

Егер құнсыздану тәуекелдерінің төмендеуін ескеріп, үш жыл шегінде базалық мөлшерлемені қарастыратын болсақ, сарапшылар оны +/- 1 п. пайыздар дәлізінде 7,8% деңгейге дейін күтуде. Ал бес жылдан кейін ол минималды деңгейге жетеді және 6,9% құрайды.

Бұдан бөлек сауалнамаға жауап берушілердің көпшілігі (94%) бір жыл ішінде мұнайға баға бір баррель үшін $50 жоғары болады деп күтеді.

Дереккөзі: https://lsm.kz/tenge-dollar-god

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Біз 2024 жылға қаржылық мақсаттар қоямыз
Біз 2024 жылға қаржылық мақсаттар қоямыз

Болашақ әрдайым анықталмайды, бірақ егер адам ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру