bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтар қандай валютаға сенеді

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚҚҚ) жетекші талдаушысы Рамазан Досов LS-ке теңгеге салымдар жинақтар құрылымында басым болып қалатынын, сонымен бірге өсімнің біртіндеп тұрақты динамикасын көрсетіп отқанын айтты.
Қазақстандықтар қандай валютаға сенеді

Ол Ұлттық Банктің деректеріне сүйене отырып, теңгелік депозиттерге бүткіл жеке салымдардың көлемінен 64%-дан астамы келетінін айтты. Ал 2021 жылдың басында бұл көрсеткіш 61,6%-ды құраған. Тиісінше, шетелдік валютадағы үлес қазіргі кезде жыл басындағы 38,4%-ға қарсы 35,9%.

Досов 2018 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың теңгелік салымдарының үлесі басым болғанын және 52,6%-ды құрағанын, ал 2019 жылы 58,7%-ға ұлғайғанын еске салды.

Сонымен бірге, ҚҚҚ-ның талдаушысы көлемі бойынша алуан түрлі салымдар үшін және мақсаттық шығындарға қолайлы әмбебап стратегияның жоқтығын ескертті. Алайда, жалпы қағидалардың жинағына «шығындар валютасында» басым үлестің болу нұсқасы, болашақ шығындарды шетелдік валютада уақытылы жоспарлау, құнның шарықтаған шегінде сатып алулардан аулақ болу кіреді.

«Сәуірде халық арасында сауалнама жүргізуге сәйкес, жинақтары барлар арасында (сауалнамаға жауап берушілердің 17%), абсолюттік көпшілігі депозитте сақтайды - 63%, тағы 23% - қолма-қол ақшамен сақтайды. Салымшылардың 64%-ы теңгеде, 36%-ы шетелдік валютада сақтауды қалайды. Сонымен қатар, жинақтарды қолма-қол ақшамен сақтайтындардың арасында үлкен басымдықпен бірінші орынға ұлттық валюта орналасты - 71%, одан әрі доллар -26%, евро - 9%, рубль  - 4%»– деп түйіндеді Досов.

Дереккөзі: https://lsm.kz/valyuta-invest

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандағы және әлемдегі онлайн өмірді сақтандыру тренді
Қазақстандағы және әлемдегі онлайн өмірді сақтандыру тренді

Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясының маман...

Егер сақтандыру жағдайы орын алса, қалай өтемақы алуға болады?
Егер сақтандыру жағдайы орын алса, қалай өтемақы алуға болады?

Сақтандыру жағдайы - бұл сақтандыру компанияс...

РФ-да өмірді инвестициялық сақтандыру қалай дамитын болады
РФ-да өмірді инвестициялық сақтандыру қалай дамитын болады

Ресейде өмірді инвестициялық сақтандыруды қа...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру