bs-preloader__icon
ru kz en

Ұзақ өмір сүру құпиялары: өмірді ұзартатын, бір аптаға жаттығулардың оңтайлы көлемі

Физикалық жаттығулар әр түрлі болуы мүмкін және кез-келген қарқындылықпен орындалады. Дәрігерлер мұндай белсенділікке аптасына ең аз 150 мин бөлуге кеңес береді. Жаттығулар көп болған сайын, соғұрлым денсаулыққа ықтимал пайдасы көбірек болып есептеледі. Дегенмен таяуда ғалымдар тым жоғары физикалық белсенділік ұзақ өмір сүру туралы әңгіме болған кезде тиімсіз екенін анықтады, деп хабарлайды PROFILE.RU сайты.
Ұзақ өмір сүру құпиялары: өмірді ұзартатын, бір аптаға жаттығулардың оңтайлы көлемі

Үш жыл ішінде 115 мың қатысушылардың өмір салты зерттелген, Америкалық кардиология қауымдастығы жариялған есеп жаттығуларға арнау қажет ең оңтайлы уақыт аптасына 150-ден 600 минутқа дейін немесе 2,5-10 сағат болып табылатынын көрсетті.

Ғалымдар қарқынды жаттығулар кезінде ең төменгі шекті екі-төрт есе асыра орындаған ересектерде қайтыс болу қаупі 21–23%-ға төмендегенін анықтады. Бірқалыпты физикалық белсенділік кезінде ұсынылған минимумды ұқсас асырғандарда пайыздық диапозон 26–31%-ға дейін ұлғайған.

«Физикалық белсенділіктің денсаулыққа ықтимал әсері үлкен, бірақ ұсынылатын деңгейден асатын ұзақ, қарқынды немесе бірқалыпты физикалық белсенділік жүрек-қан тамырлары жүйесінің саулығына қосымша артықшылықтарды қамтамасыз ете ме немесе зиянды салдарлар бола ма белгісіз», - деді зерттеу авторларының бірі Донг Хун.

Оның сөзінше, ғылими жұмыс 600 мин белгіден жоғары спортпен айналысу қайтыс болу қаупінің қосымша төмендеуін қамтамасыз етпейді.

Ғалымдар, физикалық жаттығуларға спортзалда жаттығу ғана есептеліп қоймайтынын айтады. Оған велосипед тебу, жүгіру және жүзу немесе тіпті жәй ғана жүру жатады. Олардың барлығы жүрек-қан тамырлары жүйесіне оң әсер етеді, бұлшықеттерді нығайтады және ағзаларға оттегінің баруын жақсартады.

Дереккөзі: https://profile.ru/news/society/health/sekrety-dolgoletiya-optimalnoe-kolichestvo-uprazhnenij-v-nedelju-prodlevajushhee-zhizn-1131527/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Аннуитеттер: сатып алушылар нені білуі тиіс
Аннуитеттер: сатып алушылар нені білуі тиіс

Инвесторлар аннуитеттерге миллиардтаған долл...

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өмірді мерзімді сақтандыруды таңдайды
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өмірді мерзімді сақтандыруды таңдайды

Үндістанның өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру