bs-preloader__icon
ru kz en

Зейнетақы аннуитеті кімге қолайлы

Зейнетақы аннуитеті шартын жасасудың негізгі артықшылығы қаржы нарығында мөлшерлемелердің құбылмалылығына тәуелсіз кепілдік берілген табыстылықтың болуы болып табылады. Өмірді сақтандыру компаниясы аннуитеттік төлемдерді алу басталатын жасқа сақтанушы жеткенге дейін жыл сайын заңмен белгіленген кірістілікке кепілдік береді, деп жазады TheStreet.
Зейнетақы аннуитеті кімге қолайлы

Аннуитет — өмірді сақтандыру компаниясымен аннуитет шартын жасаған адамға тең үлестермен, уақыттың бірдей кезеңдерінен кейін төленетін ақша сомасы. Мысалы, бір рет немесе бөліп төлеумен жүзеге асырылған жарнаға айырбасқа ай сайын, тоқсан сайын немесе жыл сайын. Шын мәнісінде бұл өз жинаған ақшаларын зейнетақыны тәуекелдерді қайта үлестіру есебінен төлейтін, сақтандыру компаниясына беретін түрлі қатысушылардың ортақ жүйесі. Зейнетақы аннуитетінің басты артықшылығы, егер шартта нақты мерзімдер көрсетілмесе, - төлемдердің өмір бойылығы. Яғни, шарт жасалған сақтандыру компаниясы зейнетақыны өмір бойы төлеу тәуекелін өзіне қабылдайды, бірақ өзінің клиенті қайтыс болған жағдайда оның қаражатын өзіне қалдырады.

Дана Анспах, Sensible Money-дің президенті және негізін қалаушы аннуитеттерді негізгі төрт санатқа бөлді: жедел, тиянақталған, индекстелген және ауыспалы. Кейбірі бір жолғы төлемді және шарт жасағаннан кейін келесі айда жүзеге асырылатын, сақтандыру компаниясынан жүйелі төлемдерді болжайды. Тиянақталған аннуитеттер – бұл төлемдердің тиянақталған сомасын белгілейтін шартты жасасу. Мұндай төлемдер индекстелмейді», - деп түсіндіреді Дана Анспах.

Қаржыгер сақтандыру төлемдері зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес алушының шотына өмір бойы түсетінін нақтылайды. Сақтандыру компаниясы клиентті өмір бойы асырауға міндетті. Тіпті егер олардың клиенті өмірдің орташа ұзақтығынан ұзақ өмір сүрсе де, бәрібір ол өмірінің соңына дейін сол мөлшерде зейнетақы алуды жалғастыратын болады.

«Зейнеткерлер өздері үшін қайда шарттар жақсырақ екенін өздері таңдай алады. Ол үшін зейнетақы жинақтарының белгілі бір сомасы қажет», - деп қорытындылайды Sensible Money-дің президенті және негізін қалаушы.

Дереккөзі: https://www.thestreet.com/retirement-daily/saving-investing-for-retirement/is-an-annuity-right-for-you

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері
Қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері

Қаржы алаяқтарының схемалары күннен күнге түр...

Өмірді сақтандыру полисін таңдау
Өмірді сақтандыру полисін таңдау

Адамдардың көпшілігі өмірді сақтандыру отбас...

ШОБ және ипотека нарығында көпіршік жетілуде
ШОБ және ипотека нарығында көпіршік жетілуде

Теңгенің орташа жылдық бағамы 432,8 бірлік деңге...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру