Темекі шегу адамның денсаулығына елеулі зиян келтіретіндіктен, темекі шегушілерге қатысты ӨСК саясаты қатаңдау болады, сондықтан полисті сатып алу қымбатқа түседі.
LendEDU және BestLifeRate компаниялары шамамен 35 мың өмірді сақтандыру полистерінің деректерін пайдалана отырып, бағадағы айырмашылықты талдады. Есепке енгізілген сандар ұзақ уақыт бойы - 2016 жылдың қазанынан бастап 2019 жылдың қазанына дейін жиналды.
Орта есеппен темекі шегетіндер сақтандыру сыйлықақыларына темекі шегетіндерден екі есе көп жұмсайды. Мысалы, темекі шегушілерге арналған орташа жылдық сақтандыру сыйлықақысы $3 977, темекі шекпейтін осы қызметті $2 052 сатып алады. Жоғарыда келтірілген сандар жасы, полистің түрі немесе өтелім сомасы сияқты көрсеткіштерді ескермейді, осы шарттарды ескере отырып, жылдық полистің құны кейде $7 мыңнан да жоғары болады.
Дереккөзі: https://insurancenewsnet.com/oarticle/smoking-can-send-life-insurance-premiums-ablaze#.XcKJ5kUzZLB
Фотосурет ашық дереккөздерден алынды