bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтасатын болады

Мемлекет басшысының Моңғолияға сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасында зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды? Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтасатын болады

Құжат ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде екі елдің аумағында әзірленген еңбек өтілін өзара есепке алуды көздейді. Бұдан басқа, жинақтаушы зейнетақы экспорты бойынша Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа түрі көзделуде.

Қазақстан тарапынан келісімге премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Моңғолиядан-отбасы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Лувсанцэрэнгийн Энх-Амгалан қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, зейнеткерлер саны 2 млн 364 мың адамды құрайды. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 132 595 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 901 теңге, базалық зейнетақы – 42 694 теңге.

Ашық дереккөзден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Елде карнавалдарды, кофе және футболды сақтандыру
Елде карнавалдарды, кофе және футболды сақтандыру

Бразилиялық сақтандыру нарығы Латын Америкас...

Халық-Life ӨСК Bilim-Life ұтыс ойынының қорытындысын шығарды
Халық-Life ӨСК Bilim-Life ұтыс ойынының қорытындысын шығарды

Bilim-life бағдарламасы қарапайым жұмыс істейді: ө...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру