bs-preloader__icon
ru kz en

«Бәлкімге» үміттенусіз: сақтандырудың пайдасы туралы үш оқиға

«Мен сақтандыру жарналарын төлеп отырып қайыршы атанған бірде-бір отбасыны білмеймін, бірақ бұлай істемей қайыршы атанған отбасыларды білемін». Уинстон Черчилль
«Бәлкімге» үміттенусіз: сақтандырудың пайдасы туралы үш оқиға

Банк карталарында өмірді, денсаулықты, мүлікті, ақшалай қаражатты сақтандыру көбіміздің үйреншікті ісіміз болып қалды. «Сараң екі мәрте төлейді» деген даналық сөзді уақыт растаған. Бұрын дос-жарандардан, әріптестерден: «өтеді де кетеді», «жазымыштан озымыш жоқ», «кім тәуекел етпейді, сол мақсатына жетпейді» деген сөздерді жиі еститін едік. Осы алаңғасарлықтың бәрі – қаржылық сауаттылықтың төмендігінің белгісі, өйткені «бәлкімге» үміттену толық күйреуге әкеп соқтыру мүмкін. Бұлай болмас үшін сақтандырылу қажет.

Сақтандырудың арқасында аман қалған жағдайлар өте көп. Шекараға саяхат жасағанда кенеттен ауырып қалу; көршілердің кесірінен үйді су басу; онсыз жұмыс істеу мүмкін емес ұрланған қымбат ноутбук... Бір кездері жоғалту күйінішін басынан кешіргендер: әрдайым болашақты ойлау керектігін біледі. Сақтандыру – өзіңізді ғана емес, жақындарыңыз бен сүйікті адамдарыңызды ойлау. Ал бұған  - өмір оқиғалары дәлел.

Ирина, сұлулық салонының иесі:

«Бұрын сақтандыру турасында ойланатынмын. Менде өз пәтерім болмаған, спортпен айналыстым және 100 жас жасайтынымды сезетінмін. «Егер бәрі жақсы болса, сақтандырылудың қажеті не?» Зейнет жасына жеткен кезде...», - деп ойлайтынмын. Көпшіліктің де пайымы осылай шығар.

Бірақ өмір өзгереді: мен өзімнің сұлулық салонымды аштым. Ісім алға басып, пәтер де сатып алдым, күйеуге шықтым, ұл таптым. Біз екі көлік сатып алдық, дүниенің түкпір-түкпіріне саяхатқа шыға бастадық – жалпы, сәтті отбасының қалыпты өмірі. Бірде «Жұт жеті ағайынды» дегендей, басыма қайғы төнді. Қатты ауырып қалдым: маған оңалтуы қымбат тұратын ота жасату қажет болды. Дәл осы кезде алаяқтар банк картамның құпиясөзін ашып, ішіндегі қомақты ақшамды түгел алып қойыпты. Не істерімді білмедім: сәлден кейін өмірім ойран болады деп ойладым. Бір жақсысы, қасымда сүйікті жігіттерім – күйеуім мен сол кезде әлі кішкентай ұлым болды. 

Біз ақырындап құтыла бастадық. Бір көлігімізді саттық, кредит алдық, мен ота жасаттым. Сөйтіп, ауруханада жатып: келесі дағдарыс қашан белең алатынын ойланбай, сақтандырылу қажет екенін түсіндім. Нарықты зерттедім, өмір мен денсаулыққа қорғаныс беретін полисті таңдадым. Ал басқа сақтандырумен өзімнің банк картамның шотын қауіпсіздендірдім. Сөйтіп, өзімді толық қорғалған сезінген соң көңілім жай тапты. Бұл психологиялық тұрғыдан өте маңызды. Төбеңнен қауіп төніп тұрса да, сен өмірді оңай кешесің, кез-келген істің сәті келеді. Мен енді: тағы бірдеңе болып қалып, сол қорқынышты қайғыға ұшырап қалсам ше – деп қорықпаймын. Енді олай болмайды».

Алексей, менеджер:

Жалынды жолдамамен Балиге демалысқа барып, сонда ауыр жарақат алып қалған сәтке дейін Мен, өзімнің 30 жастағы замандастарымның көбі сияқты, сақтандыру жайлы ойламағам. Бәрі кәдімгідей болды: скутерден құлап, аяғымды қатты кесіп алдым. Ауруханада қолымда болған барлық ақшамды қалдырып кеттім. Мені емделуге жіберген шетелдіктерге арналған ауруханадағы медициналық қызмет көрсету өте қымбат екен. Ал өзіңе-өзің тігіс сала алмайсың... Нәтижесінде ешқандай сыйлық та, дәмханаға қыдырыс та, көңіл көтеру де жоқ: кереметтей елестеткен демалысымның қалған күндері қатаң үнемдеу режимінде өтті.

Содан кейін мен шетелге сақтандырусыз демалысқа бармайтын болдым. Белсенді демалысты жақсы көретін болғандықтан, негізгі қорғанысы бар саяхатшыларды сақтандыру полисіне «Спорттық» пакетін қосып қойдым. Ол шаңғы тебу, виндсерфинг кезінде жарақаттан сақтандырады, сондай-ақ спорттық құрал-саймандардың қорғанысын қамтамасыз етеді.

Сақтандыру даңқойлық емес және ақшаны пайдасыз жұмсау да емес. Әсіресе ақшаңыз аз болса. Мен бұны енді әбден білемін».

Игорь, құрылысшы:

«Неге екенін білмеймін, бірақ мен бұрын сақтандыру жайлы ұсыныстарға қол сілтей салатынмын. Бәлкім, бала кезден қалыптасқан: жаман ойлама, жамандық шақырарсың, деген наным ойға түсе кететін болар. Бірақ бұл негізі түйеқұстың қылығы: басын құмға тығып алып, не болып жатқанына қарамайды.

Мен дені сау еркекпін, әрдайым отбасымды қамтамасыз етіп отырдым. Үш балам бар, әйелім – азғантай жалақы алатын мұғалім. Демалыссыз жұмыс істедім, ешқашан ауырмадым, маған ештеңе болмайды деп ойладым. Бірақ болды.

Бірде өзімді нашар сезіндім – рөлде келе жатқанымда көзім қарауытып кетті. Қалай екені есімде жоқ, бірақ жол жиегіне тоқтап, әйеліме телефон соғып, қайда екенімді айтып үлгердім. Кейін не болғаны есімде жоқ. Ауруханада менде инсульт екенін анықтады. Бір жақсысы, дер кезінде жеткізген: дәрігерлер маған жоқ дегенде үш айдан соң аяғыңа тұрасың деді. Келісімді ақымен, шарт бойынша жұмыс істейтін маған бұл жұтаумен тең болды.

Төрт ай бойы біз отбасымызбен банкте депозиттен алынған ақшаға өмір сүрдік (осы кезде пайызымыздан айрылып қалдық) – барлық жинақтаған «қаржылық тірегімізден» түгел айрылдық.

Осыдан кейін мен сақтандыру туралы ойланып қалдым. Жай өзімнің мәңгілік емес әрі кез-келген уақытта қатты науқастанып қалуым мүмкін екенін ойладым. Ал менің балаларым, әйелім, зейнетке шыққан ата-анам бар. Өз денсаулығымды сақтандырдым, болашақтың да қамын жасадым – жинақтаушы өмірді сақтандыру полисін сатып алдым: жинақтағың келген соманы және мерзімді өзің анықтайсың, жарналар мен сақтандыру жағдайларын төлеу мерзімін өзің таңдайсың. Осылайша, мен балаларымда олар 18 жасқа толғанда жинақ ақша болатынына кепілдік бердім. Ал өзімді жарақат алу жағдайына сақтандырдым. Денсаулық жағдайыма байланысты жарналарды төлей алмайтын жағдайға «жарналар төлеуден босату» опциясын қостым.

Меніңше, бұл ең өз болашағыңа ақша салудың ең цивилизацияланған тәсілі. Сен жай ғана банкте ақша ұстаумен қоймай, егер бірдеңе болып қалса, сақтандыру төлемақыларын аласың. Енді мен жақындарым үшін алаңдамаймын: форс-мажорлар енді болмайды».

Бүгінде қандай сақтандыру бағдарламалары әйгілі?

Пәтерді немесе үйді сақтандыру: мүлік су басудан, ұрланудан, өртенуден қорғалған.Бұған қоса жылжымайтын тұрғын үй мүлкі иесінің көршілер алдындағы жауапкершілігі сақтандырылады: егер сіз оларды су астында қалдырсаңыз, залалды сақтандыру компаниясы өтейді.*

Жақындарды қорғау: жазатайым жағдай нәтижесінде жарақат алу қаупінен сақтандыру. Балаларыңызды, жұбайыңызды, ата-анаңызды сақтандыруға болады. Бұндай полис дүние жүзіне саяхатқа шыққанда қолданылады. **

Ипотека алғандарға кепіл мүлкін сақтандыру. Сақтандыру жағдайларының тізбесіне өрт, жарылыс, су басу, табиғат апаттары, ұрлық, тонау, үшінші тұлғалардың қасақана қиратуы және т.с.с. кіреді.

Банк карталарын ұстаушыларға сақтандыру. Бұл жағдайда қорғаныс картаны оны жоғалтқаннан кейін пайдалануға (егер, мәселен, сіз оны жоғалтып алсаңыз немесе сізді тонап кетсе), фишингіге, жалған қол қоюға, механикалық зақымдануларға немесе магнитсіздендіруге және т.с.с. қолданылады.

Өмірді инвестициялық сақтандыру — аралас сақтандыру және жинақтау (салынған қаражаттар депозиттер, акциялар, металдар және өзге инвестициялық құралдар арасында бөлістіріледі).

Сонымен қатар өмірді жинақтаушы сақтандыру, саяхаттаушыларды сақтандыру, жазатайым жағдайлар мен аурулардан сақтандыру.

Дереккөз: https://ulpressa.ru/2018/03/07/bez-nadezhdyi-na-avos-tri-istorii-o-polze-strahovaniya/

Сайттардан сурет: www.nordea.lv, investoguru.org

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру