bs-preloader__icon
ru kz en

Халық-Life клиенттері орын алған сақтандыру жағдайы туралы өтінімді оңай бере алады

Халык-Life ӨСК – орын алған сақтандыру жағдайы туралы хабарлама беру – жаңа маңызды функциямен мобильді қосымшаны жетілдірді, деп хабарлайды сақтандырушының баспасөз қызметі.
Халық-Life клиенттері орын алған сақтандыру жағдайы туралы өтінімді оңай бере алады

Енді компания клиенттеріне сақтандыру шартының орын алған оқиғаны өтейтіні жөнінде анықтау үшін қоңырау шалуға немесе кеңсеге келудің қажеті жоқ. Хабарламаны «Halyk Life» мобильді қосымшасы арқылы бір-екі қимыл жасап-ақ, беруге болады, сонымен бірге хабарламаның қаралу мәртебесін өтінішті тіркеген сәттен бастап, сақтандыру өтемін төлеген сәтке дейін қадағалауға болады.

«Бүгінде әр адамға қандай да бір ақпаратты жедел алу өте маңызды, әрі клиенттер компаниялардың оларға 24/7 режимінде қызмет көрсететініне үйренген. Біз де клиенттерімізге ыңғайлы болуы үшін өз бизнес-үдерістерімізді жетілдеруге және автоматтандыруға және барынша оларды онлайн режимге шығаруға бар күшімізді жұмсаудамыз», -  дейді «Халық-Life» АҚ басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Компанияны хабардар етуге және сақтандыру жағдайы туралы хабарламаны «Halyk Life» мобильдік қосымшасының «Сақтандыру жағдайы» бөлімінде беруге болады. Клиент мәзірден полистің, сақтандырылған адамның шарт нөмірін, болған оқиғаны,  күнін, орнын және болған жағдай туралы ақпараттарды толтырып, содан кейін «Жіберу» түймесін басуы керек. Жолданған хабарламаның компанияда қаралу мәртебесі «Сақтандыру жағдайы» бөлімінде қолжетімді болады.

Хабарламаны алғаннан кейін Компания менеджерлері бір күн ішінде клиентпен байланысып, болған оқиғаның мән-жайын және оның сақтандыру жағдайына жататындығын анықтайды, содан кейін өтінімді өңдеу процесін бастайды. Оқиға сақтандыру жағдайы болып табылса және ол расталғаннан кейін бұл өтінімге нөмір қойылады және өтінім беруші барлық қажетті құжаттарды ұсынған соң, «Сақтандыру жағдайы» бөлімінде өтінімнің қаралу мәртебесі сақтандыру төлемін жүзеге асыру сәтіне дейін көрсетіледі.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру