bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру компаниялары өсімнің жаңа нүктелерін іздеуде

ҚҚҚ-ның Талдау орталығы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығына шолуды жариялады.
Өмірді сақтандыру компаниялары өсімнің жаңа нүктелерін іздеуде

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өмірді сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштері өткен жылдың жоғары базасына байланысты сақтандыру сыйлықақыларының көлемін қоспағанда, өсуді көрсетті. ӨСК активтері 833,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Сектордағы шоғырлану өзгерген жоқ: өмірді сақтандыру нарығының шамамен 80% активтер бойынша бұрынғысынша төрт ірі компания алады: Халық-Life (30,3%), Nomad Life (29,2%), FFLife (13,3%) және Еуразия ӨСК (7,1%).

Осы жылдың алты айында сақтандыру сыйлықақылары 11,6%-ға төмендеді, бұл көбінесе өткен жылы зейнетақы аннуитетін сатып алуға деген ең жоғары сұраныспен байланысты. Өмірді сақтандыру бойынша төлемдердің 2,7 есе ұлғаюы есебінен төлемдер көлемі 33,2%-ға өсті.

«Жалпы сақтандыру секторына қарағанда, ӨСК сыйлықақыларының негізгі көлемі корпоративтік секторға емес, жеке тұлғаларға (2021 жылдың қорытындылары бойынша 84,2%) тиесілі екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар өмірді сақтандыру өнімдері ағымдағы жағдайларда тартымды бола түседі. Осылайша, ӨСК өзінің сақтанушыларына сатып алу сомасы шегінде кез келген мақсаттарға, оның ішінде жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша кезекті сақтандыру жарналарын төлеу бойынша кейінге қалдыру түрінде қарыз беруге құқылы», - делінген ҚҚҚ есебінде.

Зейнетақы аннуитетіне келетін болсақ, ол құны жеке аннуитеттерден төмен болатын бірлескен аннуитеттерді (ерлі-зайыптыларды немесе жақын туыстарды) енгізу есебінен көптеген азаматтарға қолжетімді болады.

«Осылайша, бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштерді және халық тарапынан сақтандыру өнімдеріне сұраныстың өсу перспективаларын ескере отырып, өмірді сақтандыру секторының негізгі көрсеткіштері ағымдағы жылы жоғары ықтималдықпен өсуді жалғастырады», - деп қорытындылады Қазақтан қаржыгерлер қауымдастығында.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру