bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті. Бұл бір жыл ішінде 3,72 трлн теңгеге немесе 16,8%-ға өсімді көрсетті. Бұл туралы БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Жылдық ең жоғары өсім ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша тіркелді — 26,3%. Олардың көлемі 9,58 млрд теңгені құрады.
Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Жинақтардың өсуі зейнетақы жарналарының түсуі және инвестициялық табыс есебінен қамтамасыз етілді. Бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 3 085,73 млрд теңге көлемінде жарна түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2%-ға немесе 496,50 млрд теңгеге көп.

Төлемдер мен аударымдар

2025 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан барлық жарна түрлері бойынша төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар көлемі 1 697,09 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 50,5%-ға немесе 569,24 млрд теңгеге артық. Жасына байланысты төлемдер 12 айда 19,5%-ға өсіп, 221,55 млрд теңгені құрады. Айта кетейік, зейнет жасына жетуіне байланысты БЖЗҚ-дан төлем кестесі бойынша орташа айлық төлем сомасы 35 726 теңгені құрады.

Жыл басынан 1 желтоқсанға дейін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) — 1 009,68 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер — 56,59 млрд теңге, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер — 40,34 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер — 2,85 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер — 9,65 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 356,43 млрд теңге аударылды.

Фото: ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Уилл Смиттің секіруі $200 млн-ға сақтандырылған
Уилл Смиттің секіруі $200 млн-ға сақтандырылған

Байлығы мен жалақысы олардың бет-әлпетіне нем...

Жас буын өмірді сақтандыру нарығында ережелерді өзгертуде
Жас буын өмірді сақтандыру нарығында ережелерді өзгертуде

Әлемдік өмірді сақтандыру нарығы ауқымды өзге...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру