bs-preloader__icon
ru kz en

Jay-Z, кіші Дауни және Уилл Смит өмірді сақтандыру бойынша стартапты қолдады

Сан-Франциско. ИНТЕРФАКС – АҚШ-та өмірді сақтандыру жүйесін өзгерткісі келетін Ethos Life калифорниялық стартапқа тек кәсіби инвесторлар ғана емес, сонымен қатар кино, музыка және спорт жұлдыздары қызығушылық танытты.
Jay-Z, кіші Дауни және Уилл Смит өмірді сақтандыру бойынша стартапты қолдады
Jay-Z, кіші Дауни және Уилл Смит өмірді сақтандыру бойынша стартапты қолдады
Jay-Z, кіші Дауни және Уилл Смит өмірді сақтандыру бойынша стартапты қолдады

Стартапты бастаған Ethos Technologies Inc компаниясы маусым айында қаржыландыру раунды аясында $11,5 млн тартты. Оған актерлар Уилл Смит және кіші Роберт Дауни, рэпер Jay-Z және баскетболшы Кевин Дюрант та қатысты, деп хабарлайды San Francisco Business Times.

 

Сонымен қатар инвесторлардың қатарына Ethos директорлар кеңесінде орын алатын Sequoia Capital компаниясы және Стэнфорд университеті кірді.

 

Ethos Life негізін қалаушылары Питер Колис және Лингке Ванг өмірді сақтандыру үрдісін айтарлықтай жеңілдетуге уәде береді: делдалдардан арылу, көптеген диагностикалық зерттеулерден бас тарту, полистердің берілуін тездетіп, олардың құнын төмендету.

 

Небраски қаласынан Assurity Life Insurance Co. андеррайтері болып табылатын Ethos компаниясының сақтандыру полистерін қазіргі таңда 49 штаттан алуға болады. Тек Нью-Йорк қаласы ерекше қала болды, ол жақта АҚШ-тың сақтандырудың ең қатал қағидалары қолданылады.

 

 

П.Колистің пікірінше, полисті 10 минуттың ішінде ресімдецге болады, оның ең арзаны айына $6 тұрады, бұл дәстүрлі сақтандырушыларға қарағанда бірнеше есе арзан. Бағалар тұтынушылардың өздері бағалап отырған денсаулық жағдайы мен жасына байланысты өзгертіледі.

 

Фотосуреттер vulture.com, http://ru.marvel.wikia.com, thecollegeinvestor.com 24segodnya.ru celebrityinsider.org сайттарынан алынды.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру полисін басқа адамға рәсімдеуге бола ма
Өмірді сақтандыру полисін басқа адамға рәсімдеуге бола ма

Өмірді сақтандыру компаниялары клиенттерге б...

Егер сақтандырушының төлемақысымен келіспесеңіз, не істеу керек
Егер сақтандырушының төлемақысымен келіспесеңіз, не істеу керек

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі...

Ресейде сақтандыру алаяқтарының белгілерін стандарттау ұсынылады
Ресейде сақтандыру алаяқтарының белгілерін стандарттау ұсынылады

Бүкілресейлік сақтандырушылар одағы компания...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру