bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 24 трлн теңгеден асып, бір жыл ішінде 4 трлн теңгеден астамға немесе 20,9%-ға өсті. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақтар 22,85 трлн теңгені құрап, соңғы 12 айда 18,7%-ға артты. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен жинақтар 683,10 млрд теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 10,2%-ға өсті. Ең жоғары жылдық өсім ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша тіркеліп, 12 айда 35%-ға артып, 8,73 млрд теңгені құрады.

1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ) есебінен жинақтар, яғни 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына түсетін жарналар көлемі 463,98 млрд теңгені құрады.

Жинақтардың өсуі зейнетақы жарналарының түсімі мен инвестициялық кірістің есебінен қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 575,45 млрд теңге көлемінде жарна түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 260,05 млрд теңгеге немесе 19,8%-ға көп.

Сурет ашық дереккөздерден алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Инвестициялық сақтандыру полисі нені береді
Инвестициялық сақтандыру полисі нені береді

Өмірді инвестициялық сақтандыру немесе unit linked...

Өмірді сақтандыру – жақындарыңызды жоғалтқаннан кейінгі қорғаныш
Өмірді сақтандыру – жақындарыңызды жоғалтқаннан кейінгі қорғаныш

Өмір — күтпеген жағдайларға толы. Ауру, жазата...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру