bs-preloader__icon
ru kz

Nomad Life-тің Басқарма төрағасы болып Ерлан Камбетбаев сайланды

«Nomad Life» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 01 қарашадағы шешімімен Компанияның Басқарма төрағасы болып Ерлан Камбетбаев тағайындалды.
Nomad Life-тің Басқарма төрағасы болып Ерлан Камбетбаев сайланды

«Ерлан Камбетбаев бизнес-модельді жұмыс істеудің жаңа шарттарына бейімдей отырып, оны өзгертуге көңіл бөледі. Nomad Life нарыққа жаңа өнімдерді ұсынуды, клиенттермен және серіктестермен жұмысты жетілдіруді жалғастырады. Біздің басымдылық қызмет көрсету сапасын жақсарту, одан әрі цифрландыру және өмірді сақтандыру нарығында үлесті ұлғайту болып табылады», - делінген «Nomad Life» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің мәлімдемесінде.

Камбетбаев Ерлан Болатұлы 1994 ж. «физика» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1998 жылы – «қаржы және кредит» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Кейбір жылдары «Казкоммерцбанк» ААҚ, «БанкТұранӘлем» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да қызмет жасаған.

Қазақстан Халық Банкінің «Халық-Life» және «Халық» Сақтандыру компаниясы» ЕК-де басшы қызметтерді атқарған.

«Nomad Life» ӨСК» АҚ 2007 жылы 13 қарашада құрылған және ҚР ҰБ-ның 2019 жылы 21 қаңтарда берген, № 2.2.47 лицензиясы негізінде «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырады (лицензия алғаш рет 2008 жылы 28 мамырда алынған).

2019 жылы 10 маусымда компания «өмірді сақтандыру» саласында барлық сақтандыру ұйымдары арасында бірінші болып бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия алды (№3.1.4.18).

2012 жылдан бастап компания активтер, меншікті капитал, төлемақылар, сақтандыру резервтері, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларының жинағы бойынша өмірді сақтандыру нарығында жетекші орындарды алады. Nomad Life-тің тәуекелдері бүткіл әлем бойынша жұмыс істейтін, еуропалық қайта сақтандыру қоғамымен АА- (S&P бойынша) рейтингісімен қайта сақтандырылған. Nomad Life-тің дамыған меншікті сату желісі бар, Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық орталықтарында 17 филиалы мен 12 өңірлік кеңселері жұмыс істейді.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ұлттық Банк ӨСК үшін жаңа өнімдерді әзірлейді
Ұлттық Банк ӨСК үшін жаңа өнімдерді әзірлейді

«Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының н...

АҚШ зейнеткерлері үшін мемлекеттік бағдарлама
АҚШ зейнеткерлері үшін мемлекеттік бағдарлама

Social Security әрбір отбасын және шамамен барлық аме...

Зейнеткерлікке өзіміз жинаймыз
Зейнеткерлікке өзіміз жинаймыз

Адам зейнеткерлікте қандай қаражатпен өмір сү...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру