Сервисті «Мемлекеттік қызметтер» - «Анықтамалар» бөлімінде пайдалануға болады. Жоба «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ның қолдауымен әзірленді және енгізілді.
Сақтандыру есебі ағымдағы және мерзімі өткен сақтандыру шарттары, соның ішінде «Өмірді сақтандыру», «Туристті міндетті сақтандыру», «Жазатайым жағдайлардан сақтандыру», сондай-ақ сақтандыру жағдайларының тарихы жөнінде мәліметтерді алуға көмектеседі.
«Қазақстандықтарды сақтандыру және кредиттеу жөнінде тегін есептерге қолжетімділікпен қамтамасыз ету «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ның стратегиялық міндеті болып табылады. Осылайша біз еліміздің тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ алаяқтыққа қарсы тұруға үлес қосуға тырысамыз. Бүгінде танымал Halyk Homebank ұялы қосымшасында біздің қызметтеріміз банк клиенттері үшін неғұрлым қолжетімді болды. Біз Halyk командасына көрсеткен қолдауы мен кәсібилігі үшін алғысымызды білдіреміз», - деп нақтылады «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдос Баширов.
Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев былай деді: ««Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-дан серіктестермен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, біз банк нарығында бірінші болып осы жобаны іске асырдық».
Сурет ашық дереккөздерден