bs-preloader__icon
ru kz

Ұзақ өмір сүруетін адамдардың құпиялары аталды

Статистикаға сәйкес, егер анасы 25 жастан кіші жаста болғанда тұңғыш баласын босанса, баласының 100 жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігі 2 есеге артады, деп жазады «Курьер».
Ұзақ өмір сүруетін адамдардың құпиялары аталды

Оптимизм

Өмірге оң көзқарастағы адамдар ұзақ өмір сүріп қана қоймай, толыққанды өмірден ләззат алады. Оптимизмнің арқасында стрессті еңсеріп, иммунитетті нығайтуға болады ғой. Ал бұл көптеген аурулардан арылуға көмектеседі.

Аяқтың мықтылығын күшейту

Егер адамның аяқ бұлшық еттері мықты болса, онда бұл төзімділікті арттырады, теңгерімді арттырады, өйткені ол жатып емес, жүріске көбірек көңіл бөледі. Егде жаста құлау мен сыну қаупі төмендейді.

Аналары жас адамдар ұзақ өмір сүруі мүмкін

Статистикаға сәйкес, егер анасы 25 жастан кіші жаста болғанда тұңғыш баласын босанса, баласының 100 жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігі 2 есеге артады.

Пәтердегі тазалық керемет нәтиже беруі мүмкін

Үйді жинаудың бірнеше артықшылығы бар: бұл тамаша физикалық жүктеме және зиянды микробтармен күресу әдісі. Бірақ оған шамадан тыс қызықпау керек, шектен шықпауы керек.

Жақсы білім

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, білімді адамдар ұзақ өмір сүретін адамдар болып табылады. Мұның себебі өмір салтын түсіну және зиянды әдеттерге деген көзқарас болуы мүмкін. Егер университетте оқуды жалғастыруға мүмкіндік болмаса, өз бетінше оқуға болады.

Алдына мақсатты дұрыс қою

Мәселеге сындарлы түрде қарауды үйрену өте маңызды. Өмірдегі қиындықтарға және басым міндеттерді орналастыруға дұрыс қарау стресстен арылуға, ми белсенділігін жақсартуға көмектеседі, бұл толыққанды қарттыққа және ұзақ өмір сүруге әкеледі.

Қызыл етті аздап жеу

Статистикаға сүйене отырып, пайдаланылатын қызыл ет көлемінің көптігінен көптеген аурулардың пайда болу қаупі артады. Осы себептен ұзақ өмір сүруші болу үшін мүмкіндігінше қызыл етті аздап жегені дұрыс.

Күлгін өсімдік өнімдерін тұтыну

Оған күңгірт жүзім сорты, қызыл шарап, қарақат жатқызуға болады. Олардың ішіндегі полифенолдың арқасында жүрек ауруларымен күресуге болады.

Дереккөзі: https://kurer-sreda.ru/2020/06/15/573095-7-sekretov-dolgozhitelej-uznaj-kak-prodlit-svoyu-zhizn

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жасанды интеллект 2030 жылға дейін сақтандыру саласын қалай өзгертеді
Жасанды интеллект 2030 жылға дейін сақтандыру саласын қалай өзгертеді

Тереңдетілген машиналық оқыту әдістері дамуы...

Экономиканың құлдырауы кезінде өз ақшасын қалай басқаруға болады
Экономиканың құлдырауы кезінде өз ақшасын қалай басқаруға болады

Бюджетті бақылау мен басқару жөнінде жалғыз д...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру