EastBancTechnologies мобильді қосымшасын әзірлеушілер танып білу кітапханасын интеграциялауды орындады, - деп хабарлайды сақтандырушы.
РФ паспортының, жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу куәлігінің (КҚК) деректерін танып білу мүмкіндігі iOS және Android-қа арналған IngoMobile жаңартылған қосымшасында пайда болды. Қосымша «Ингосстрах» сақтандыру компаниясының бұрынғы және жаңа клиенттеріне есептелген, оларға сақтандыру полистерін кеңсеге бармай-ақ рәсімдеу немесе мерзімін ұзарту ұсынылады.
Клиенттердің құжаттарын танып білу каско және ӘАЖМС жаңа полистерін рәсімдеу барысында сақтандырушы, жүргізуші және автомобиль туралы деректерді енгізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Енді клиент телефон камерасын құжатқа тек бірнеше секундқа қаратса болғаны, барлық қажетті деректер автоматты түрде танылатын болады. Бұл деректер IngoMobile қосымшасы нысанының жолақтарына енгізіледі, және клиенттің ыңғайлығы үшін оның профилінде сақталады, бұл келесі сатып алулар кезінде оларды қайтадан енгізбеуге мүмкіндік береді.
Smart IDReader танып білу модулі құжатты бейнеағында сканирлейді де, суреттерді серверге жіберместен, деректерді құрылғының өзінде шығарады. Камера мен есептеу ресурстарына қойылатын талаптар тұрғысынан, технология тіпті айыру қабілеті төмен бейнекамералары бар базалық деңгейдегі смартфондарда да жұмыс істеуге бейімделген.
Дерекнама: http://www.asn-news.ru/news/66109#ixzz59u3lBkbs
Фотосурет habrahabr.ru сайтынан алынған.