bs-preloader__icon
ru kz
✕

Қазақстанда зейнетақы аннуитеттерінің кірістілігі өсуі мүмкін

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (ҚНРДА) зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартына және сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу туралы айтты.
Қазақстанда зейнетақы аннуитеттерінің кірістілігі өсуі мүмкін

ҚНРДА-ның жаңа қаулысы төлемдерді жоғарылату және зейнетақы аннуитеті шартының құнын төмендету мақсатында әзірленді және түзетулерді көздейді. Сақтандыру сыйлықақысының есептерінде пайдаланылатын жеке параметрлерді қайта қарау бөлігінде, атап айтқанда:

- сақтандыру төлемдерін индекстеудің ең төменгі мөлшерін 5-тен 7%-ға жоғарылату;

- кірістілік мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшерін 6-дан 9%-ға жоғарылату;

Бұдан бөлек, қаулы мүгедектігі бар және зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға өлім-жітімнің жеке кестесін пайдалану мүмкіндігін береді.

Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілетін болады.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандықтар ипотекалық сақтандыру туралы не білуі керек
Қазақстандықтар ипотекалық сақтандыру туралы не білуі керек

Ипотекалық сақтандыру-форс-мажорлық жағдайла...

Демалыста ауырмаудың жолдары
Демалыста ауырмаудың жолдары

Саяхаттар бойынша сарапшылар демалыс кезінде ...

2024 жылға арналған «KM Life» ӨСК» АҚ-ның аудиттелген қаржылық есептілігі
2024 жылға арналған «KM Life» ӨСК» АҚ-ның аудиттелген қаржылық есептілігі

«KM Life» Өмірді сақтандыру компаниясы 2024 жылға а...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру