bs-preloader__icon
ru kz

Бірінші тоқсанда Халык-Life клиенттеріне шамамен 3 млрд теңге төледі

«Халық-Life» АҚ-ның 2021 жылғы алғашқы 3 айдағы сақтандыру қызметінің нәтижелері бойынша өз клиенттеріне 2,9 млрд теңгеден астам төледі, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Бірінші тоқсанда Халык-Life клиенттеріне шамамен 3 млрд теңге төледі

Төлемдер көлемі  2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16%-ға ұлғайып, жалпы ҚР өмірді сақтандыру нарығындағы төлемдер көлемінің 40%-ын құрады.

Бұл ретте зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша 1,4 млрд теңгеден артық сома, жұмыс берушінің жауапкершілік шарттары бойынша 0,5 млрд теңге және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша 0,5 млрд теңгеге жуық төлемдер жүзеге асырылды. Айта кетерлік тағы бір жайт, 2021 жылғы бірінші тоқсанында қызметкерлерді міндетті сақтандыру бойынша реттелген сақтандыру жағдайлары бойынша төлемдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артты.

Бұл көрсеткіштер «Халық-Life» АҚ-ның, сондай-ақ клиенттердің Компанияға білдірген сенімділіктің жоғары деңгейін тағы да дәлелдей түседі. Бүгінгі таңда Халык-Life өмірді сақтандыру компаниялары арасында сақтандыру төлемдерінің көлемі бойынша көшбасшы болып табылады. Оның қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде, сондай− ақ халықаралық АM Best рейтингтік агенттігісі бекіткен өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасында ең жоғары «bbb-» кредиттік рейтингісіне ие.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
40 жастан кейін қалай арықтаймыз
40 жастан кейін қалай арықтаймыз

30 жастан кейін адамдардың көбісінде зат алмас...

Өмірді сақтандырудың үздік полисін қалай табамыз
Өмірді сақтандырудың үздік полисін қалай табамыз

Өмірді сақтандыру алуан түрлі болады, сол себе...

Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы қауіпсіз деңгейге жатады
Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы қауіпсіз деңгейге жатады

Қазақстанның сыртқы қарызы 2020 жылдың 1 қазанын...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру