bs-preloader__icon
ru kz
✕

Яндекс Жеткізу АТ-платформасында жүргізушілердің өмірін және денсаулығын сақтандыру сервисін ұсынды

Яндекс Жеткізу АТ-платформасында жүргізушілердің өмірін және денсаулығын сақтандыру сервисін ұсынды. Платформа арқылы жүктерді тасымалдауға тапсырыстарды орындайтын жүргізушілер әрбір рейске сақтандыру қорғауын алады. Қызметтің сақтандыру серіктесі — «Ингосстрах», деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Яндекс Жеткізу АТ-платформасында жүргізушілердің өмірін және денсаулығын сақтандыру сервисін ұсынды

«Ингосстрах» компаниясы жұмыс берушілерді босатып, жүргізушілерге тікелей сақтандыру жағдайлары бойынша өтемақы төлейтін болады. Өтемақының ең көп мөлшері 2 млн рубльді құрауы мүмкін.

Сақтандыру сервистің стандартты құнына кіреді және қосымша ақы төлеуді талап етпейді. Яндекс Жеткізудің сауалнама деректері бойынша, қазір алысқа қатынайтын жүргізушілердің үштен бірінде ғана сақтандыру бар, бұған қоса оларлың 10%-ы оған өз қаражатын жұмсауға мәжбүр. Тағы 37%-ы полисті сатып алу туралы ойлануда немесе жұмыс берушіден сақтандыру алғылары келетін еді. Жүргізушілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру көлік компанияларының иелеріне шығындарды қысқартуға, жүргізушілердің әлеуметтік қолдауын қамтамасыз етуге, және тиісінше тасымалдауға көбірек орындаушыларды тартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Яндекс Жеткізу.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетақының барлығы бірдей емес
Зейнетақының барлығы бірдей емес

Қазақстандықтарда зейнетке ертерек шығу мүмк...

40 жастан кейін қалай арықтаймыз
40 жастан кейін қалай арықтаймыз

30 жастан кейін адамдардың көбісінде зат алмас...

Неліктен инвестициялық сақтандыру егде жастағы адамдар үшін емес
Неліктен инвестициялық сақтандыру егде жастағы адамдар үшін емес

Өмірді сақтандыру саласы қарт адамдарға көпте...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру