«Бұл дегеніміз, егер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған және барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған депозит салымшысы кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде ҚДКБҚ-ға жүгінбесе, онда ҚДКБҚ кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға есепке жатқызу үшін БЖЗҚ-ға аударады», - деп түсіндіреді қордың баспасөз қызметі.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап зейнетақы шотын автоматты түрде (өтініш бермей) ашу үшін бастапқы жарна негіз болып табылады. Бұл ретте пайдасына төлемдер жүргізілетін жеке тұлғаны сәйкестендіру төлем тапсырысының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылатын болады, ал барлық қажетті мәліметтер: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері туралы, тұрақты тұратын жері туралы, өзге де мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алатын болады.
«БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар адамдар оларды 50 жасқа толған кезде, мүгедектік туындаған кезде, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ретінде тұрақты тұруға кеткен кезде алуға құқылы», - қорытындалады БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі.
Дереккөзі: https://www.enpf.kz/ru/about/press-center/news/index.php?ELEMENT_ID=11735
Сурет ашық дереккөздерден