Статистика бойынша Қазақстандағы әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда ұзағырақ. Бірақ қажетті жинақтардың көлемі жасқа қарай өзгеріп тұрады. Адам есейген сайын, жеткіліктілік сомасы азаяды.
Қазақстандық әйелдер зейнетақы аннуитеті шартын 50 жастан, ал ерлер – 55 жастан бастап жасай алады. Дегенмен зейнетақы жинақтарының көлемі әйелдерде жоғары болуы тиіс.
Кез келген жағдайда өмір сақтандыру компаниясы адамның зейнетақы жинақтары таусылғанына немесе таусылмағанына қарамастан, оны өмір бойына төлемдермен қамтамасыз етеді.
Өмір сүру ұзақтығынан басқа аннуитет жасы мен болашақ төлемдердің индексациясы зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік сомасын есептеуге арналған негізгі көрсеткіштер болып табылады.
Қазақстандық өмір сақтандыру компанияларының деректері бойынша, биылғы жылы зейнетақы аннуитетін сатып алуға арналған зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік сомасы 50 жастағы әйелдер үшін - 13 млн 476 мың теңгені, 55 жастағы еркектер үшін - 9 млн 636 мың теңгені құрайды.
Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік деңгейінің жоғарылауы ең төмен зейнетақы сомасымен және әйелдердің зейнеткерлік жасының ұлғаюымен шартталады. Белгілі болғандай, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен зейнетақы мөлшері 49 мың теңгені құрайды.
Ескерте кетсек, кезінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Тамара Дүйсенова бұрын мәлімдегендей, егер қазақстандық 23 жастан бастап айына 150 мың теңгеден табатын болса, онда ол 45 жасына қарай өзінің зейнетақы шотында 10 миллион теңге жинақтай алады.