bs-preloader__icon
ru kz en

Ерікті медициналық сақтандыру: сервиске үміт арту

Адам ауырып қалғанда артық қозғалыс жасағысы келмейді. Кезекте ұзақ отыру, бір кабинеттен екінші кабинетке бару, кейде медперсоналдың дөрекі қатынасы, бірнеше күнді алатын зерттеу... Таныс жағдай емес пе? Көбіне жедел жәрдем алу үшін адамдар жеке клиникаларға қаралады, онда ыңғайлы шарттарда кез келген медициналық қызметті осында және қазір алуға болады. Бірақ көбі ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) келісім шартына отырып, ыңғайлылық пен сапаны үйлестіріп, және бюджетті үнемдей отырып, өз денсаулығын түзете алатынын білмейді. Келісім шарттың әрекет ету географиясы – бүкіл Қазақстан. ЕМС карточкасымен жыл бойы медициналық ассистансқа да, ірі мемлекеттік клиникаларға да қаралуға болады. ЕМС жөнінде сұрақтарға «Номад- Life» ӨСК АҚ андеррайтинг және қайта сақтандыру департаменті директоры жауап береді.
Ерікті медициналық сақтандыру: сервиске үміт арту

ЕМС артықшылығы неде?

Біріншідден, бұл кезекте отырудың болмауы, жақсы клиникаларда жоғары кәсіптік дәрігерлерге сізге ыңғайлы уақытта бару мүмкіндігі. Әрине, бұл бағдарлама құнына байланысты екенін ұмытпау керек, бағдарлама қымбатырақ және сапалырақ болса, ЕМС шегінде медициналық қызметтердің кең спектрі ұсынылатын болады.

Адамға медициналық сақтандыру полисі не береді?

Қазіргі уақытта тегін мемлекеттік медицина иелене отырып, біз дәрігерге қарала аламыз, бірақ ол үшін емханаға барып,  кезекте тұрып, алдын ала жазылу керек. Ал егер жоғары технологиялық қызмет немесе квота алу үшін, бұл одан да ары қарай созылу мүмкін. Ал ерікті медициналық сақтандыру шегінде, егер сізде жақсы қымбат бағдарлама болса, сіз оны бірден осында және қазір ала аласыз.

  Қазақстан міндетті медициналық сақтандыру (ММС) жүйесіне өтуде. Ал ЕМС мен ММС айырмашылығы неде? Болашақта ЕМС керек болмай қалады десе бола ма?

ЕМС ММС –ға жақсы демеу болады,  себебі соңғысы қазір тегін берілетін барлық қызметтер мен дәрілік қамсыздауды жабады. Бірақ сізде медициналық қызметті тез, мысалы қымбат операцияны алғыңыз келсе, онда ЕМС полисі бола тұрып, сіз осы қызметті жылдам ала аласыз.

ЕМС полиінің иегері не білу керек? ЕМС барлығын  қаматамасыз етеді ме? Және сақтандыру бағдарламасымен мұқият танысу не үшін маңызды?

Ең алдымен, оның карточкасы болу керек, онда ассистанттың байланыс телефоны көрсетіледі, ол бойынша  ол операторлармен кез-келген уақытта байланысып: оның бағдарламасы қандай, бұл бағдарламамен не қамтамасыз етіледі, не қамтамасыз етілмейді, дәрілік препараттарға қандай шектеу бар және басқа сұрақтарды біле алады. Бірақ, ерікті медициналық сақтандырула, кез-келген сақтандыру түріндегідей, сақтандыру жағдайы, бұл жағдайда –науқастану басталу крек. Белгілі бір бағдарлама шегінде, ЕМС полисі шегінде медициналық көмек алу үшін, өткір ауру белгілері, шағымдардың болуы, созылмалы аурулардың асқыну кезінде қаралу керек.

  Клиент өздігінен жыл бойы бағдарламаны өзгерте ала ма, мысалы қамбатырақ түріне ауыстыра ала ма?

Өзгерте алады, ол үшін ол тиесілі  қосымша төлеу керек, ал компанияның андеррайтері бұны жүзеге асыруға болатынын шешу керек. 

Мемлекеттік медициналық мекемелерге қаралу кезінде тұрғылықты жері бойынша тіркелу қажет. Тіркелу болмаса – қызмет көрсетлмейді. Егер басқа қалада тіркелген, ЕМС полисі бар адамға ассистант медициналық көмек көрсете ме?

Бұл жағдайда тіркелгені емес, сақтандыру келісім шартының, сәйкесінше ЕМС карточкасының болуы маңызды. Адамда, ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасы болса, әдетте белгілі бір медициналық мекемелер желісіне тіркеледі. Егер объективті себептер бойынша ол  ЕМС сатып алған қаладан тыс орналасса, онда ассистанспен хабарласып, осы тұрғылықты жерде  қандай медициналық мекемеге  қара алатыны туралы ақпарат ала алады. Әрине, бұл оның бағдарламасының түріне байланысты. Бағдарлама қымбатырақ болса, оның толықтырулары көп болады және пациентке қол жетімді  медициналық мекемелер де көп болады. Және де осы медициналық мекемеде ол бұл қызметті ала алмаса, онда ассистантпен келісімі бойынша  оны бұл қызмет көрсетілетін медициналық мекемеден  өте алады, содан соң  сақтандыру компаниясы төлейтін шоттарды беруі қажет болады. 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру