bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтар салықта қалай үнемдей алады

Осы жылы Салық кодексіне түзетулер күшіне енді, бұл өмірді жинақтаушы сақтандыруды одан әрі тартымды етті.
Қазақстандықтар салықта қалай үнемдей алады

Сонымен, салық салуға жататын жеке тұлғаның кірісінен енді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері, өз пайдасына және (немесе) жақын туыстардың пайдасына, жұбайының (зайыбының) пайдасына жеке тұлғамен төленген және (немесе) жұмыс беруші қызметкердің пайдасына төлеген сақтандыру сыйлықақылары; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары төлейтін сатып алу сомалары секілді кірістердің түрлері алынып тасталады. «Сондай-ақ жеке тұлғаның кірісі үш жыл және одан артық мерзімге жасалған, жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша резидент - жеке тұлға күнтізбелік жыл ішінде төлеген, 320 еселік АЕК шегінде сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналары, егер бөліп төлеу қарастырылса) мөлшеріне салықтан босатылады. Бұдан бұрын салық шегерімдері егер сақтанушы мен сақтандырылушы бір тұлға болса қолданылатын», - деп еске салады «Сентрас Коммеск Life» ӨСК-нің басқарма төрағасы Гульжан Джаксымбетова.

Бұдан басқа, енді жинақтаушы сақтандыру шартын бұзған кезде жеке тұлғаға сақтандыру ұйымы төлейтін сатып алу сомалары салық салудан босатылды.

«Аталған өзгертулер сақтандыру компаниясының клиенттерінің осындай санаты үшін, тиісті түзетулер енгізілгенге дейін болған, 10% мөлшерде табыс салығын ұстап қалусыз сақтандыру төлемінің толық сомасын алуға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей бұл сома өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзуға шешім қабылдаған клиенттер үшін маңызды, себебі олардың ақшалай қаражатты алуға жедел қажеттілігі туындады және сондай-ақ төлем жазатайым оқиға, ауыру, және т.б. байланысты сақтандыру оқиғасы басталу нәтижесінде туындаған шығындарды өтеу үшін төлем қажет болған сақтандыру төлемдерін алушылар үшін де маңызды», - деп түсіндіреді «Халык-Life» ӨСК-нің басқарушы директоры Виталий Любимов.

Сарапшылар жинақтаушы сақтандырудың дамуы тұтас экономиканың дамуына ықпал етеді дейді. «Біріншіден, жинақтаушы сақтандыру бойынша сыйлықақылардың өсімі халықтың жиынтық жинақтары деңгейіне әсер етеді. Екіншіден, ұзақ мерзімді міндеттемелер және өз ақша түсімінің қатысында тұрақтылық үкіметтер мен бизнес үшін ұзақ мерзімді қаржыландырудың мінсіз көздерін қамтамасыз етеді, - дейді «Nomad Life» ӨСК-нің басқарушы директоры Елена Тайтуголева. – Бұдан басқа, өмірді жинақтаушы сақтандырудың арқасында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайыздық мөлшерлемелер арасында айырмашылық қысқарады. Бұл ұзақ мерзімді капитал құнының төмендеуі және қайта қаржыландыру тәуекелдерінің әлсіздеуі есебінен, кәсіпорындардың бизнесінің қаржы құрылымының жақсаруына әкеледі».

Жинақтаушы сақтандыру ұзақ мерзімді мемлекеттік облигациялар нарығының дамуына әсер етеді, ол мемлекеттік қарызды басқару үшін нұсқалар аясын айтарлықтай кеңейтеді.

«Сонымен қатар, өнім мелекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларын (әлеуметтік зейнетақы жүйелері) алмастыруға және толықтыруға, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету жүйелерінің (зейнетке шығуға, басқа оқиғаларға белгілі бір ақша сомасын жинау) жеткіліксіздігін өтеуге қабілетті», - деп толықтырады «Nomad Life» ӨСК-нің басқарушы директоры.

Салық жеңілдіктері уақыт өте келе ұсынылатын өнімдердің көлемінде де байқалады. «Бұл шаралар сақтандырушыларды адал бәсекелестікке, жаңа сақтандыру өнімдерін жасауға және сервистік қызмет көрсетуді жақсартуға ынталандыратын болады», - деп қорытындылайды «Сентрас Коммеск Life»-тің басқарма төрағасы.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру