bs-preloader__icon
ru kz en

Индияда өмірді сақтандыру

Индияда сақтандыру терең тарихи тамыр жайған. Ол жайлы өрт, су басу, эпидемиялар тәрізді апаттар кезеңдерінде қорларды қайта бөлу жайлы тұжырымдар ұсынылған ежелгі индиялық философтар еңбектерінде де айтылынады. Бұл елде, Азиядағы біріншілердің бірі, сақтандыру ісі теңізге жүзу және сауданың дамуымен байланысты туындады.
Индияда өмірді сақтандыру

Сақтандырудың заманауи түрлері дамуы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталды. Бұл елдің сақтандыру нарығы саудамен бірге, және, сөзсіз, Ұлыбритания протекторатының ықпалымен. Алғашқы колониялы сақтандыру компаниясы OrientalLifeInsurance 1818 жылы Калькутте құрылған.

1914 жылы Индия өкіметі Индиядағы сақтандыру компанияларының есептерін жариялалауды бастады. Индияның өмірді сақтандыру жайлы заңы 1912 жылы өмірді ретке келтіретін бірінші заңнамалық шара болды. 1928 жылы өкімет Индияда индиялық және шет елдік сақтандырушылармен жүзеге асырылатын сақтандыру қызметтері жайлы статистикалық ақпараттарды жинақтай алуы үшін индиялық сақтандыру компаниялары жайлы Заң қабылданды. 1938 жылы сақтандыру қатынастарының әртүрлі субъектілерінің қызығушылықтарын қорғау мақсаттарында, осымен қатар сақтандырушылар қызметтерін барлау мақсаттарында «Сақтандыру жайлы» Заң күшіне енді.

1956 жылы 19 қаңтарда Индия Үкіметі өмірді сақтандыру секторын ұлттықтандыру жайлы Жарғы шығарды, және өмірді сақтандыру Корпорациясы да (LIC) осы жылы туындады. LIC 154 индиялық, 16 индиялық емес сақтандырушыларды жұтты. 1972 жылы индиялық парламент жалпы сақтандыруды ұлттықтандыру жайлы Заң қабылдады. 107 сақтандырушылар біріктірілді және төрт компанияға топтастырылды, атап айтқанда «Ұлттық сақтандыру компаниясы», Индияның жаңа сақтандыру компаниясы, «Шығыстық сақтандыру компаниясы» ЖШС және Индияның бірлестірілген сақтандыру компаниясы.

Мемлекеттік монополизм кезеңі сақтандыру секторы жеке сектор және шет елдік инвесторлар үшін  ашық болған 90 жылдар соңына дейін созылды.

1999 жылы сақтандырудың сақтандыру саласын реттеу және дамытуға арналған автономды орган ретінде реттеу және дамыту бойынша Орган құрылды. IRDA басты тапсырмалары бәсекелестікке ықпалдасу, сақтандыру полистерін ұстаушылар қызығушылықтарын қорғау, сақтандыру саласының тәртіпке келтірілген өсуін реттеу, кеңейту және қамтамасыз ету, тұтынушылардың қанағаттанушылықтарын тұтынушылық таңдауын арттыру есебінен арттыру және сақтандыру нарығының қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сыйақыны төмендету.

Жуырда Индия үкіметі сақтандыру секторында тікелей шет елдік инвестициялар лимитін 26-дан 49 % дейін арттыру жайлы қаулыны мақұлдады, бұл әрі қарай бұл секторға инвестициялар тартуға көмектеседі.

Сақтандыру нарығының құрылымы және оны реттеу

Қазіргі уақытта Индияның сақтандыру нарығы 53 сақтандыру компанияларынан құралған, олардың 24 – өмірді сақтандыру бойынша компаниялар, 29 – жалпы сақтандыру бойынша компаниялар. КСЖ арасында өмірді сақтандыру Корпорациясы  (LIC) мемлекеттік сектордың жалғыз компаниясы болып табылады. Сақтандырушылар арасында жалпы сақтандыру бойынша 6 мемлекеттік секторға тиесілі. 53 сақтандыру компанияларына қосымша жалғыз ұлттық сақтандырушы GeneralInsuranceCorporationofIndia сақтандыру  бар. Басқа қызығушылық танытушы тұлғалар индиялық сақтандыру нарығында өзіне мақұлданған агенттерін, лицензияланған ұжымдық агенттерді, брокерлерді, жалпы қызмет көрсету орталықтарын, веб-агрегаторды, инспекторларды және медициналық сақтандыру талаптарына қызмет көрсетуші  шеткері әкімшіліктерді қамтиды.

Индияда сақтандыруды реттеу және дамыту бойынша Басқарманың бақылау органы (IRDA) сақтандыру компанияларының топ-менеджментін тағайындайды және қаржыландыру көздерін жетекшілер компетентті, ал компаниялардың қаржылық мүмкіндіктері жеткілікті екендігіне сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында бақылайды, себебі сақтандыру Индияда жалпы ұлттық сипатқа ие.

Барлау сондай-ақ сақтандыру өнімдерінің тізімін дайындайды және бекітеді және оларды ашықтық пәніне тексереді. Екінші жағынан, сақтандырушыларға «Сақтандыру жайлы» Заңға сәйкес өздерінің қаржыларын және қорларын инвестирлеу құралдарын таңдау еркіндігі берілген.

Сонымен қатар, бақылау органдары арнайы дайындықтан (100 сағаттық дәрісті тыңдау және емтихандар тапсыру) өтулері қажетті сақтандырулық мульти-агенттер қызметтерін лицензиялауды орындайды.

Индиядағы сақтандыру брокерлері – айтарлықтай жас институт. Егер де сақтандырылушыға сақтандыру компаниясына қатысты кеңес алу қажет болса, ол сақтандыру брокеріне жүгінеді. Брокерлерге, жергілікті заңнамаларға сәйкес, өзінде қауіпті ұстауға рұқсат етілмейді (тіпті бір күн бойында). Олар сондай-ақ сақтандырылушы төлемдерін сақтандырушы есебіне уақытылы салып отыруы тиіс.

Индиядағы әлеуметтік қорғаныс және медициналық сақтандыру

Әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдастыру секторында жұмыс атқаратындарға ғана қол жетімді (Индияның жұмыс күшінің 10% кем). Жұмысшыларды сақтандырудың мемлекеттік жүйесі медициналық қызмет көрсетуді және басқа да жеңілдіктерді (өндірістегі қайғылы жағдайлар болуында, уақытша немесе тұрақты жұмысқа қабілетсіздікте, жүктілік және босану бойынша демалыс, иждивенецтерді қолдау) айына 15 000 рупийден кем табыс табатын жұмысшылар үшін қамтамасыз етеді.

Индияда әлеуметтік сақтандырудың екі негізгі жоспары бар: қызметкерлердің резервтік қорының ұйымы (EPFO) және қызметкерлердің мемлекеттіксақтандыру корпорациясы (ESIC).

EPFO қызметкердің өлімі жағдайында асыраушыдан айырылу бойынша зейнетақы және төлемақыны жабады.  Ол кем дегенде 20 қызметкері бар компанияда жұмыс жасайтын барлық жұмысшылар үшін міндетті болып келеді. Жұмыспен  қамтамасыз етушілер қорға өздерінің жұмысшылары атынан өтініш береді. ESIC, екінші жағынан, аз жалақылы қызметкерлерді қамтиды, оларға денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз етудің негізгі сызбаларын ұсынады.

Индияның әрбір штатында өзінің денсаулық сақтау министрлігі бар. Ұжымдық дамудың барлық дерлік блоктарында денсаулық сақтаудың 80-100 төсекті біріншілік орталығы құрылған. Индияның әрбір азаматы теория жүзінде кез келген деңгейлі мемлекеттік мекеме көрсете алатын медициналық көмектің минимумын тегін алуға құқылы. Алайда, әдетте, ауруханаларда науқастардан олардың табыстарының мөлшерлеріне байланысты төлем алынады. Тегін көмек тек кедейлерге көрсетіледі.

Нарықтың дамуының әрі қарайғы келешектері

Ел әлемде сақтандыру нарығының көлемінде сыйақы мөлшері бойынша он бесінші және де жақын жылдарда геометриялық келешекте өсу үшін әлеуетті. Индияның сақтандыру нарығындағы көтерілуінің басталынуы ЖІӨ-нің өсуімен сәйкес келді. 1980 жылдан бұл көрсеткіш шамамен жылына 3-4% құрайды, 1980-1996 жылдарда ЖІӨ өсуінің ырғағы жылына 5-6% ұлғайды. Соңғы 8-9 жылда экономика өсуінің көрсеткіші шамамен 8% деңгейінде тұр.

Индияның сақтандыру нарығының жалпы көлемі АҚШ-тың 23 млрд.долл.нан 2005 жылы 79,14 млрд. АҚШ долл. дейін 2016 жылы артты. Тұрғындардың біреуіне шаққандағы сақтандыру сыйақысы, яғни Индиядағы сақтандыру тығыздығы 2016-2016 қаржылық жыл кезеңінде  АҚШ-тың 54,7 долларын құрады. Индияның үлесіне, тұрғындарының саны бойынша  екінші ел болуына қарамастан, қазіргі уақытта әлемдегі барлық сақтандыру сыйақыларының шамамен 1,5% келеді.

Шартты түрде Индияның сақтандыру нарығы негізінен өмірді сақтандыруға бағдарланады деп айтуға болады, бірақта соңғы уақыттарда медициналық сақтандыру, автосақтандыру,  денсаулықты сақтандыру тәрізді жалпы сақтандыруға жататын сақтандырудың басқа түрлері де жедел дамытылуда.

Күтілетіні, Индияның тұрғындарды сақтандыруы 2020 жылы 750 миллионға жетеді, ал өмірдің орташа ұзақтылығы 74 жылды құрайды. Сонымен қатар, болжамдар бойынша, осы он жылдықтың соңына қарай өмірді сақтандыруға жалпы жинақтардың 35%-ы 2009-2010 жылдардағы 26%-ға қарсы келеді.

Индияда өмірді  сақтандыру секторы әлемдегі ең ірісі, оның ауқымы шамамен 360 миллион полистарды құрайды. Күтілетіні, алдағы бес жылда бұл нарықтың өсуінің жиынтық жыл сайынғы ырғағы 12-15% құрайтын болады.

Индияның сақтандыру нарығының өкілдері бірауыздан өмірді сақтандырудың танымалдылығының артуын либерализация кезінде ел нарығына шыққан жеке компаниялар күшті инвестициялық құраушысы және тәуекелдік қорғанысы бар полистер тәрізді өнімдерді алып келулерінен деп түсіндіреді. Бұл қадам банкілік өнімдермен бәсекелестіктегі соңғы артта қалуларды– ұзақ мерзімді жинақтық полистар бойынша төмен табыстылықты жойды. Премьера үшін сәт қолайлы болды – елдің негізгі нарығы тұрақты дамуда болды, өмірді сақтандыру полистары бойынша  табыстылық 100% жылдыққа жетті.

Индияда өмірді сақтандыру қаржылық жоспарлау түріне және байлық жинау құралына айналды. Өлімінен кейін жақын адамдарына қаржылық өтемдерді ұсынумен қатар, өмірді сақтандыруды жинақтарының орнатылған жоспарлары және тұрақты табыстары бар ұзақмерзімді  инвестициялар ретінде қарастыруға болады. Ішкі нарық үшін жабуды қамтамасыз етуге қосымшамен, полистер сондай-ақ шет елде тқратын индиялық азаматтар үшін, индиялық шығу тектері бар адамдар және Индияда тұратын шетелдік азаматтарға қол жетімді.

Болашақ өмірді сақтандыру саласында, саланың өз бизнесін қалай жүргізетініне және өзінің тұтынушыларымен қарым-қатынаста болатынындығы әрі қарайғы өзгерістерге алып келетін, нормативтік базадағы бірқатар өзгерістермен жарқын.

Орта санаттың өсуі, жас сақтандырулық тұрғындар және қорғаныс және зейнеткерлікті жоспарлауға деген қажеттілікті түсіну тәрізді демографиялық факторлар Индияда өмірді сақтандырудың өсуіне ықпал ететін болады.

 

Дерек көздері:

https://www.ibef.org/industry/insurance-sector-india.aspx

https://www.irdai.gov.in/ADMINCMS/cms/NormalData_Layout.aspx?page=PageNo4&mid=2

https://forinsurer.com/public/08/01/16/3330

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда тұрғын үйге бағаның өсуі бәсеңдеуде
Қазақстанда тұрғын үйге бағаның өсуі бәсеңдеуде

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы бағалар бір...

«Жинақтаудың» жаңа дәуірі
«Жинақтаудың» жаңа дәуірі

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акцион...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру