bs-preloader__icon
ru kz

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүйесі қалай жұмыс істейді

2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа компонентпен толықтырылды. Бұл жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖбМЗЖ). Енді әрбір жұмыс беруші БЖЗҚ-ға қызметкердің табысынан міндетті 10 пайыздық жарналардан басқа, өз қызметкерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен қосымша жарналар аударуға міндетті, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүйесі қалай жұмыс істейді

«Жарналар жұмыс берушінің қаражатынан төленеді, бірақ олардың мөлшері қызметкердің табысынан есептеледі. 2024 жылы бұл 1,5 пайызды құрайды», - деп хабарлады БЖЗҚ.

2028 жылға дейін жыл сайын жарна мөлшері 0,5% - ға ұлғаяды және 2028 жылы 5 % құрайды:

2024 жылдан бастап-1,5 пайыз;

2025 жылдан бастап-2,5 пайыз;

2026 жылдан бастап-3,5 пайыз;

2027 жылдан бастап-4,5 пайыз;

2028 жылдан бастап-5 пайыз.

ЖбМЗЖ тек 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған жұмысшыларға аударылады. Бұл ретте қызметкердің ай сайынғы табысы ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы және ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

Бірыңғай төлем құрамында ЖбМЗЖ төлеуді таңдаған салық агенттері үшін жалақыдан бірыңғай төлем ставкасындағы ЖбМЗЖ үлесі

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап-7,0 пайыз;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап-10,5 пайыз;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап-14,1 пайыз;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап-17,4 пайыз;   

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап-19,0 пайызды құрайды.

«Әлеуметтік Кодексте жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын тек өз қаражаты есебінен төлеу міндеті нақты айқындалған. Салымшылар жарналардың осы түрінің түсуін жарналардың барлық түрлері бойынша ақпарат берілген жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмеден көре алады. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы және толық төлеуін бақылау мемлекеттік кірістер комитетіне жүктелген. Егер жұмыс беруші қызметкерге қатысты қандай да бір бұзушылыққа жол берсе, онда МКК-ға жүгіну қажет», - деп қорытындылады БЖЗҚ.

Ашық дереккөздерден алынған сурет 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Полис және шектеулі мүмкіндіктер
Полис және шектеулі мүмкіндіктер

Біздің елімізде мүгедектігі бар тұлғаларға (М...

АҚШ-та өмірді сақтандыру полисін қалай пайдалануға болады
АҚШ-та өмірді сақтандыру полисін қалай пайдалануға болады

CNBC телеарнасы сайтының редакциясы АҚШ тұрғынд...

Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығында жаңа өнім пайда болады
Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығында жаңа өнім пайда болады

Президент сақтандыру нарығын реттейтін заңда...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру