«Менің досым, мен 42 жасқа толған күні қатерлі ісіктен қайтыс болды. Ең жақын адамның ерте қайтыс болғанын қабылдау мен үшін қиынға соқты. Дәрменсіздік – бұл жан күйіміздің ең ауыр жағдайы, сол күні мен баланы асырап алуды шештім.
Мен сондай-ақ өмірді сақтандыру полисін сатып алуға шешім қабылдадым, өйткені тәжірибе мен әлеуметтік жағдай тағдырдан сақтамайды. Егер мен ерте қайтыс болатын болсам, менің болашақ баламның қандай да бір материалдық базасы болғанын қалаймын. Алайда, шешім қабылдау үшін маған екі жылға жуық уақыт қажет болды.
Менің отбасым, егер менде жылжымайтын мүлік жоқ болса, онда өмірді сақтандыру полисін сатып алудың қажеті жоқ, деп есептеген. «Бағалы қағаздарға немесе зейнетақы жоспарына қаржыны салғаны дұрыс, себебі бұл құралдар тұрақты табыс әкеледі», – дейтін менің жақындарым.
Бірақ мен бұл туралы көп ойлаған сайын, соғұрлым өмірді сақтандыру мақсаты күйзеліс жағдайында жүрген адамдарға қаржылық әл-ауқатты беру екенін түсіндім.
Мен тағы 20 немесе 30 жыл өмір сүрсем, менің өлімім әкелуі мүмкін кез келген шығыстарды өтеу үшін жеткілікті жинақ және инвестициялар түрінде бірнеше жүз мың доллар қалдыратыныма толықтай сенемін. Бірақ, егер мен жол апатына түссем немесе жазатайым оқиға орын алса?
Мен барлық нұсқаларды қарап, 95 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 73 жылға дейін өмірді сақтандырудың 30 жылдық мерзімін таңдадым. Полис үшін мен айына 92 доллар (жылына 1 065 доллар) төлеймін, бұл жан тыныштығы үшін тұрарлық баға.
Өмірді сақтандыру полисін сатып алу мені өз өлімнен қорықпауды үйретті. Мен өзімнің 40, немесе 50, немесе 60, немесе 70 жасымда өлгім келмейді. Мен бұл Жерде әлі көп нәрсе жасағым келеді».
Дереккөзі https://www.businessinsider.com/bought-life-insurance-after-friend-my-age-died-on-my-birthday
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды