bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстандықтарға өздерін қауіпсіздікте сезіну үшін 10 млн теңгеге дейін қажет

Қазақстандықтардың жартысынан көбі 35 жасқа дейін табысын жоғалтқан жағдайда өмір сүруге қаражатсыз қалады. Мұндай цифрларды зерттеуде Қазақстандағы IDF Eurasia (Solva және Moneyman МҚҰ брендтері) топтары келтіреді деп хабарлайды LS.
Қазақстандықтарға өздерін қауіпсіздікте сезіну үшін 10 млн теңгеге дейін қажет

Сауалнамаға сәйкес, табысты немесе табыс көзін жоғалтқан жағдайда қазақстандықтардың 63% өмір сүруге қаражатсыз қалады, себебі бүгінгі күні қандай-да бір жинақтары жоқ. Бұл топқа 20 жастан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар кіреді.

Нақты жинақтар сауалнамаға жауап берушілердің 37%-да бар. Бұл ретте 25-35 жастағы қатысушылардың 27%-ынан 7%-ында кейінге қалдырылған ақша бір айға жетеді. 35-55 жас санатындағы сауалнамаға жауап берушілердің 5%-ында қаражат екі айға жеткілікті. Және 50-65 жастағы қазақстандықтардың 11% қаржылық қиындықсыз жинақтаған ақшаларына үш айдан артық өмір сүре алады.

Зерттеуге сәйкес, қазақстандықтар жаңа жылда жинақтарының көлемін айтарлықтай ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл ретте 2021 жылы сауалнамаға жауап берушілердің 80% жинақ мәселесіне неғұрлым саналы түрде қарайтын болады. Сауалнамаға жауап берушілердің жартысы 2021 жылы табыстарының 20%-ға жуығын жинайтындығын, қазақстандықтардың 25% ай сайынғы табыстарының 45%-на дейін жинақтарға қалдыруға дайын екендігін, ал жалпы табыстың 50%-дан артығын жұмсалмайтын күйде қалдыруды сауалнамаға жауап берушілердің 5% қалайтынын жоққа шығармайды.

Сауалнамаға жауап берушілер ақша жинайтын ең танымал мақсат – жеке бизнесті іске қосу. Бұл санатқа 62% кірді. Форс-мажор және күтпеген жағдайларға қазақстандықтардың 38% ақша қалдырады.

Жинақтарға ең көп жеке себептер тізіміне сонымен қатар төмендегілер кірді:

Тұрғын үй сатып алу (оның ішінде бастапқы жарна) – 28%

Көлік сатып алу – 22%

Жөндеу жұмыстарына –  19%

Қосымша білім алу немесе біліктілікті жоғарылату – 11%

Демалыс – 9%

Балалардың білім алуы – 6%

Кәрілік – 5%

Қауіпсіздік бағасы

Сонымен қатар, қазақстандықтар өздерінің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға қандай сома қажет екенін айтты.

20 жастан бастап 25 жасқа дейінгі сауалнамаға жауап берушілер қаржы кепілі кем дегенде 5 млн теңгені құрауы тиіс деп санайды. Дәл осы сома жас қазақстандықтарға қауіпсіздік сезімін беруге қабілетті. 25 жас пен 45 жас аралығындағы сауалнамаға жауап берушілерге бұл үшін 10 млн теңге және одан жоғары қажет.

Аз сомаларды 45 пен 55 жас аралығы санатындағы қатысушылар көрсетті. Қаржылық тұрақтылық үшін оларға күтпеген жағдайларға қалдырылған 2 млн теңге де жеткілікті.

55 пен 65 жас аралығындағы сауалнамаға жауап берушілер қаржылық құрдымнан аз қорқады. Олардың ойлауы бойынша, жайбарақат болашақты 500 мың теңгеден бастап 3 млн теңгеге дейін мөлшерде жинақтар қамтамасыз ете алады.

Зерттеу сонымен қатар қаржылық тұрақтылық сомасы өңірлердегі қатысушылармен және қала тұрғындары арасында айтарлықтай ерекшеленетінін көрсетті. Ең шағын көлем оңтүстік өңірлердің тұрғындарында. Оларға депозитке салынған, барлығы 100 мың теңге жеткілікті.

2020 жылдың қиындығына қарамастан, кетер жылы қазақстандықтар әйтеуір ақшаны жинай алды. Сонымен, 30 бен 35 жас аралығындағы сауалнамаға жауап берушілердің 32% жалпы табыстың 10% жинақтарға қалдырды. Екінші орынға 35 пен 40 жас аралығындағы азаматтар шықты. Бұл санатта сауалнамаға жауап берушілердің 21% табыстың 15% жинауға тырысты.

Аз мүмкіншілік 20-25 жастағы қазақстандықтарда болып шықты. Олардың 9% ғана табыс сомасынан 5%-дан азын қалдыра алды. Бұл ретте осы жас санатындағы сауалнамаға жауап берушілер 30 жастан кейін ғана жинауды бастайтынын жоспарлауда.

Жауап берушілердің төртінші тобының (45-55 жас) жалпы табыстан аз дегенде 20%-ын жинақтарға бөлуге мүмкіндігі бар. Алайда мұндайлар небәрі 7% ғана болып шықты. 55-65 жастағы ең үлкен санаттан 2% өз табыстарының жартысынан көбін қалдырғаны арқасында ақша жинай алды.

Сонымен бірге қатысушылардың 17% жинақтарды қалдыруға мүмкіншіліктері болмағанын айтты. Одан да қиын жағдайда қазақстандықтардың 12% болды – олар ақшаны әрең жеткізіп өмір сүруге үлкен емес соманы қарызға алуға мәжбүр болды.

Дереккөзі: https://lsm.kz/sberezheniya-issledovanie

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ӨСК өсімнің жоғары жылдамдығын сақтап келеді
ӨСК өсімнің жоғары жылдамдығын сақтап келеді

2021 жылғы қаңтар-қазанда өмірді сақтандыру нар...

Дәрігер миға ең қауіпті тағамдарды атады
Дәрігер миға ең қауіпті тағамдарды атады

Медицина ғылымдарының докторы, «Росбиотех» ун...

Өмірді сақтандыру нарығы тұрақтады – ҚҚҚ
Өмірді сақтандыру нарығы тұрақтады – ҚҚҚ

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы өмірді са...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру