bs-preloader__icon
ru kz

Әрбір 10-ыншы ресейлік қана өз балаларына ақылы білім беруге қауқарлы

Ресейліктердің шамамен 22%-ы балаларына ақылы білім бергісі келеді, алайда қалаушылардың әрбір 10-ыншысы ғана бұған қаржылық мүмкіншілігі бар. ТАСС-та жарияланған сауалнама осындай тұжырымды құрайды.
Әрбір 10-ыншы ресейлік қана өз балаларына ақылы білім беруге қауқарлы

РФ-ның 85% азаматтары үшін жоғары білім «алтын стандарт» болып қалады. Алайда, 9%-ы оның маңызды екенін, бірақ қаржылық жағдай бойынша олардың балалары үшін қолжетімсіз деп жауап берді.

Сауалнама барысында 68%-ы өз балаларын ақылы факультативтік сабақтарға беретінін айтты. Сонымен қатар, сауалнамаға жауап берушілердің жартысынан көбі балаларының білім деңгейін жоғарылату үшін репетиторларға жүгінеді, олардың қызметтері сондай-ақ ақылы болып табылады. Бұл ретте 31% бірнеше пәндер бойынша репетиторларды жалдайды. Тек сұралғандардың 7%-ы ғана балаларына мектепте алған білімдер жеткілікті деп санайды.

Егер жоғары білімге төлеуге туралы келсе, сауалнамаға жауап берушілердің 9%-ы ғана бұл мүмкіндіктен бас тартады. Бұл ретте 40%-ы білім алуды жинақтардан төлейді, 17%-ы кредит алады, 6%-ы аналық капиталға сенеді, ал 30%-ы ағымдағы жалақының бөлігін білім алуға ақы төлеуге бөле алатынын сауалнама нәтижелері көрсетті.

Ресейліктердің 54%-дан астамы өз балаларының білім алуына қаражат қалдыруды мүлдем ойлмайды, бұл ретте олардың 80%-ы (барлық сауалнамаға жауап беруішлердің 39%) – ақшаның жеткіліксіздік себебі бойынша. Алайда әрбір төртінші «жақын болашақта» жинақтарды құруды бастауды жоспарлайды.

Бүгінгі күні жинақтарды басқару үшін ең танымал құрал бұрынғыша банк депозиті болып қалады. Оны азаматтардың 37%-ы пайдаланады. Алайда баланың пайдасына жеке зейнетақылық қамтамасыз ету және өмірді жинақтаушы сақтандыру әзірге үлкен танымалдылыққа ие емес. Олар жайлы сауалнамаға жауап берушілердің 6%-ы ғана біледі.

Дереккөзі: https://tass.ru/ekonomika/13046149

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру